+1 дауыс
Сайт жаңарғаны жақсы болыпты, маған ұнады. Ұнамаған жері, осы айдың үздіктері дегені, ол үздіктер ай бойы жинаған ұпайы бойынша анықталады екен, олай жасаса кез-келген ақымақ үштікке ілігуі мүмкін, үздіктерді ай бойына жинаған ЖЖ(жақсы жауап) санына байланысты анықтау керек сияқты, сонда мәнді жауаптар саны артады деп ойлаймын, бұл менің ұсынысым ғана, шешімді өздеріңіз шығарарсыздар..
14.09.2014 651 қаралым

5 жауап

0 дауыс
✓ Үздік жауап
Жақсы жауап
@meddi жақсы ұсыныс. Ия келісемін, ол өз кезегінде босқа балл жинаушылардың алдын-алады. Бірақ бұл плагин сайттың негізгі балл жүйесі негізінде жұмыс жасайды. Яғни сұрағыңа жақсы жауап таңдасаң саған 5 балл, жауап жазғанға 5 балл егер сенің жауабыңды жақсы жауап деп таңдаса тағы 10 балл қосылады. Яғни сенің жеке бетіңде жиналатын балл системасы осы Айдың белсенділерін анықтағанда қолданылады. Плагинді жасаған жігітке хабарласып жатырмын, тек Жақсы жауап бойынша шығаруға болады ма деп. Содан жауап күтіп отырмын. Болашақта осы плагин негізінде әр ай сайын белсенді қолданушыларды анықтап отыратын боламыз. Мүмкін белсенді 3 қолданушыға ақшалай қаражат беріп тұруымыз да мүмкін. Сондықтан бұл сайттың жүйесіне көп үміт артып отырмын. Алдағы болашақта ай сайын шын белсенділерді анықтап отыру үшін. Қазір мен сайтқа қажетті техникалық қосымшаларды орнатып, тексеру жүргізіп жатырмын. Барлығын біткен соң сайтты толық жазып шығатын боламын. Сайтта қандай өзгертулер, жаңартулар, қосымшалар орын алғандығы жөнінде. Рахмет!
15.09.2014
түсінікті, рахмет
0 дауыс
Айтуың дұрыс, келісемін.
14.09.2014
0 дауыс
Аха ,щас, Админ орындауға асығып бара жатыр сенің ұсыныстарыңды ескеріп.
14.09.2014
0 дауыс
Мен де құптаймын! Қалай болса солай жауап беру басталып та кетті...
14.09.2014
0 дауыс
Үздiктердi робот белгiлемейдi менiңше
14.09.2014
127,958Сұрақ
322,878Жауап
153,169Пікір
72,987Қолданушы