"Шектік" қай уақытта беріледі?

+2 дауыс
36.5k қаралым
Биылғы жылы қай күні берген дұрыс шектікті? Жалпы ақпарат қажет. Қазақтың салт-дәстүрі бойынша қай күні берген дұрыс?
• Санаты: Салт-дәстүр туралы
санатын ауыстырды | 36.5k қаралым
шектік деген не ол?
Сол не екен деп ойлап отырм мен де
Шектік беру — өте ерте заманнан келе жатқан дәстүр. Дүние салған кісілердің артынан садақа беру ниетінде шектік беріледі.
Батыс өңірінің қуып кеткен салт-дәстүрінің бірі ма?
Неге қуып кеткен?

5 жауап

+2 дауыс
Жақсы жауап

Айттан 1 күн бұрын.

Шек (немесе шек шалу) дәстүр бойынша қайтыс болған жақындардың рухына бағышталып, 

Ораза айт немесе Құрбан айт мейрамдарының қарсаңында(айттан бір күн бұрын) беріледі. Бұл күндері мал сойылып, туған-туыс, көршілер шақырылып, Құран бағышталады. 

Шек беру деп те айтады!

Қазақтар құрбан айттан бір күн бұрын отбасынан қайтыс болған адамға арнап "шек" береді, әрі мұны үш жыл жалғастырады. Одан соң "өз атымыздан құрбан шалуға құқықты боламыз" деп қарайды. "Құран кәрімде", пайғамбарлардың "Қадистерінде" мұндай әдет жоқ. Шындығына келсек, "шек" беру ежелгі замандардағы құрбандықтың қазақтарға тән болған бір түрі есептеледі. Ол исламнан байырғы "тәңір" аталатын діннен өтіп, зороастр дінінен өтіп, одан жоғалмай бүгінгі дәуірге жетті. Яғни, ата-баба әруағына құдайы тамақ, тасаттық берумен қатысты, халқымыздың ислам дінін өздерінің байырғы діні мен салт-дәстүріне ыңғайлап қабылдағанымызды ұмытпағанымыз абзал. Жалғыз қазақ халқы ғана емес, әлемдегі көптеген мұсылманданған ұлттар осылай істеген. Сондықтан да ислам діні өте көп мәзһаптарға бөлініп кетті. Қазақтар ислам дініне сенумен бірге өздерінің ата-баба әруағына табына жүруді ұмытпағанын осыдан байқаймыз. Олар ислам дінінің "Алласынан" қорқумен бірге, ата-бабасының әруағынан да секем алып, құрбан айттан бұрын олардың шек-шекарасын ажыратып тастауға тырысқан. Сонымен бірге бұл шек беруді - бақилық болған адамның тіршілігінде шала алмай кеткен құрбандығы деп түсіндіруді әдетке айналдырған.

"Қазақ ұлты сенген діндер" кітабынан, авторы Амантай Нысанбекұлы.


өңдеді
+1 дауыс
Шектік омырден кеткен адамдарды дастарқанын жайып еске алу , ерте заманнан келе жатқан дәстүр. шариғатшариғатта құрбан айтан 1 күн бұрын өткізуді жазған . Батыс ойлап тапқан жоқ! Батыс қазақ . Не как некоторые не рыба не мясо дегендей
0 дауыс
Салеметсизбе! Егер белгили себебтермен сол куни шектик шала алмаса Айт куни немесе артынан шалуга болама екен?
+1 дауыс
Неге Батыстың қуып кеткен дейсіздер?Өзіңіз қай өңірденсіз?Салт-дәстүрден мақұрым қалған адамға ұқсайсыз...Шектік ата-бабамыздан келе жатқан ескі дәстүр,қайтқан адамдарымызды еске алып,садақа беру есебі.Өздеріңіз қай уақытта еске аласыздар дүниеден өткендерді?Сіздердің де салттарыңызды біле отырайық,егер әрине ол болса сіздерде...
+1 дауыс
Шектік дегенді түсінбей жатырдан адамдарға жауап: шектік ол адамы марқұм болған уй қайтқанда 1 ші  жылын өткізген нен кейін құрбан айттың алдында құрбан шалып өлімнің шегі болсын деп  садақа беру арқылы өздерінің ырымдарын жасайды.

Ұқсас сұрақтар

0 дауыс
3 жауап
127,955 сұрақ
322,858 жауап
153,167 пікір
72,960 қолданушы