+2 дауыс
444 көрілді
Банкоматта көбісі, бәрі десе де болады, тілді орысша таңдайды, шынында да қазақша нұсқасы түсініксіз бе, әлде басқалай ма?

4 жауап

+1 дауыс
Банкоматта тек қазақ тілін  таңдаймын, білмейтіндерге де қазақша үйретемін. Кішкентай болса да, қазақ тілінің дамуына үлес қоссам деймін
+2 дауыс
Расында,  маған түсініксіздеу болды. Бір-екі рет қазақ тілін таңдағанмын. Оқып, оның мағынасын түсініп тұрып уақыт жоғалтттым. Артыңда кезек тұрғанда ыңғайсыздау екен. Бірнеше рет көргеннен кейін жатталып қалады ғой десем, әр банкомаат әртүрлі аудара ма, қалай...
0 дауыс
Мен де орыс тілін таңдаймын,қазақ тілін пайдаланайын десең түсініксіз.Тек қана банкомат емес,жалпы кез келген нәрсенің қазақша нұсқаулығын оқысаң түк түсінбейсін.Мәңгүрттердің аударғаны.
Негізі қазақ тілі түсінікті тіл, бірақ шала сауаттылардың кесірі дейсіз ғой.
Дегенмен, мен  халық банкінің банкоматының қазақ тіліне ризамын, егер қате кеткен жерлері болса арнайы телефондар арқылы хабарласуға болады емес пе?
0 дауыс
Бір мысал келтірейін. Ұялы телефонда бәрі орысша себебі басында қазақша тіл олмады кейін орнаганмен олар солай орысшага үйреніп қалды Казак тілінн койса түсінгенмен үйреніп калган тілі тұрганын дұрыс деп шешеді.
...