+1 дауыс
1.1k көрілді
Мен жігітіммен жүргенімізге 5 жыл болды,бірақ жігіттің ата-анасы қарсы,алғаш жүріп жүргенімізде аке-шешемнің қарсылығына қарсы шығып қалайда сені аламын деуші еді, биыл армиядан оралғаннан соң екеуміз қосыла алмаймыз деген мыжын әңгімелер айта бастады,онысына қарамай мені жібермейді не өзі кетпейді, осылай жүре берейікші дейді.Мұндай жағдайда не істеуге болады?өтінем маған бір кеңес берсеңіздер.....
Мен қарсы емеспін үйлене беріңдер!
Жігітің екеуіңнің жастарың нешеде?

7 жауап

0 дауыс
Сен битсей жоқ болып кетсей, егер сүйсе сенi iздеп табады, сонымен болд...
+1 дауыс
Ондай ынжық жігітпен қоштасқаның дұрыс шығар.
0 дауыс
Ол амалды да жасадым, жоқ болып ұзаққа кеттім, сонда да тауып алды, соңымнан іздеп барды
0 дауыс
менің жасым 25-те, оның жасы 24
+1 дауыс
Не үшін қарсы екен соны біліп, сол кедергіні жоюға тырысып көріңіз.
0 дауыс
Біздің басымыздағы жағдай секілді. Уақыт өлтіріп жүрміз. Біздің бір бірімізді сүйетінімізді бір күні түсінім ақ батасын берер деген үміттіміз. Сізгеде берер кеңесім күтіңіздер, уақыт өзі бір шешімін берер.
0 дауыс
Жігіттер, қыздар, қосқан ақыл - кеңестеріңіз үшін үлкен рахмет! Көптен шешімін таппай жүрген осы бір жайттың, соңғы нүктесін кеше өзім қойдым. Әрине бұндай жағдайда көбіне жігіттер шешім қабылдайды емес пе,менің жігітім ондайлардың қатарынан емес екенін кеше ұғындым. Сонша уақыт бірге жүрсең де адам баласын толықтай танып біле алмайды екенсің. Өкініштісі, сондай текке тұрғысыз адамға жұмсалған уақытым, армиядан тағатсыздана күткен кундер, айлар, жылдарым. 5-жыл бойы, сені сүйемін, сағындым, сенен өзгеге үйленбеймін, сені ешқашан тастамаймын деген ауыздан шыққан сөзіне кім жауап берер екен шіркін, менің құлағымды жылдар бойы жай ғана майлап, бос сезімге сендіріп мені ақымақ санап келгені өзегімді өртеп барады. Қолымнан қанша ас ішіп, табағыма түкіріп кетті. Бұндай адамдарға Құдайдын көзі тура болсын. Амал нешік тағдырдың басқа салғаны осы болар, әр жамандықтың соңында бір жақсылықтың күні келер деп үміттенемін.
...