0 дауыс
19.1k көрілді
Қырымның қырық батыры жырының толық нұсқасы керек?

3 жауап

0 дауыс
“Қырымның қырық батыры” туралы жыр қырық тараудан тұрады, оның əрқайсысы жеке-жеке батырларға арналған. Сонымен бірге бір батыр екінші батырдың ұрпағы болып жырланады. Сондықтан қырық батыр жайлы жырлардың жиынтығы – тегі мен композициялық құрылымы жағынан өзара тығыз байланысты. “Қырымның қырық батыры” туралы жыр деп аталатын жырлар жиынтығы өзінің құрылысы жағынан қырғыздың белгілі “Манасын” еске түсіретін, бірақ көлемі бойынша одан екі есе үлкен, қалыпқа түскен тұтас бір мəдени дүние… Аталған мұра көлемі жағынан Шығыстың ұлы туындысы – “Мың бір түннің” өзін кейінге қалдырады. Бұл жырлардың мазмұны, сюжеті мен композициясы ерекше назар аударуға лайық. Шет жерлік басқыншылардың шабуылынан елін қорғаған батырлар ерлігі əр жырда да жырланады. Батыр мұнда халқының қорғаны, жат жұрт езгісінен азат етуші қаһарманы ретінде көрсетіледі. Ержүректілік, əділдік, ақылдылық, туған халқына деген махаббат секілді қасиеттер оларға тəн болып келеді…

…Жырда мына батырлар негізгі қаһармандар ретінде көрінеді:

1. Ала тайлы Аңшыбай батыр;

2. Оның ұлы Баба түкті Шашты Əзиз бен Ер Көкше жəне Ер Қосай;

3. Парпария батыр;

4. Оның ұлы Құттықия батыр;

5. Оның ұлы Едіге батыр;

6. Оның ұлы Нұрадын батыр;

7. Оның ұлы Мұса батыр;

8. Оның ұлы Матай батыр;

9. Оның ұлы Орақ батыр;

10. Орақ батырдың ұлы Қарасай;

11. Оның ұлы Қази батыр;

12. Оның ұлы Қарадөң батыр;

13. Оның ұлы Жұбаныш батыр;

14. Оның ұлы Сүйініш батыр;

15. Оның ұлы Ертегіс батыр;

16. Оның ұлы Ер Көгіс батыр;

17. Оның ұлы Тама батыр;

18. Оның ұлы Тана батыр;

19. Оның ұлы Нəрік батыр;

20. Оның ұлы Шора батыр;

21. Ақжонас батыр;

22. Оның ұлы Кеңес батыр;

23. Оның ұлы Жанбай батыр;

24. Жаңбыршы батыр;

25. Оның ұлы Телағыс батыр;

26. Шынтас батыр;

27. Оның ұлы Төрехан батыр;

28. Қарғабойлы батыр;

29. Бозтуған батыр;

30. Оның ұлы Манаш батыр;

31. Оның ұлы Тұяқбай батыр;

32. Айса батыр;

33. Оның ұлы Ахмет батыр;

34. Алау батыр;

35. Тоған батыр;

36. Темір хан батыр;

37. Əділ батыр;

38. Сұлтан керім батыр;

39. Оның ұлы Шырман батыр;

40. Қобыланды батыр.

Мұндай құндылығы ерекше мұрадан көз жазып қалу тіптен де кешірімсіз жай екендігі белгілі. Сондықтан жасы жеткен жырау əзірше тірі тұрған кезінде, мүмкіндігінше тездете отырып, бұл жырларды толық көлемде жазып алып, қазақ халқының, сондай-ақ Совет одағын мекендеген өзге халықтардың мəдени игілігіне айналдыру қажет.

Мұрын жырау жырларын əдеттегі əдіспен жазып алуға мүмкін еместігіне Хангелдин жолдастың сапары көз жеткізіп отыр. Өйткені, ол бұлақша құйылып тұрған жырлардың бірде-бірін домбырасыз айта алмайтын кісі. Мұрын жырау жырларын тек стенограммамен ғана хатқа түсіріп алуға болады, ал Форт-Шевченко қаласында ондай жағдайға мүмкіндік жоқ.

Жыраудың жасының əбден ұлғайғандығын, жырларының айрықша құндылығын ескере отырып, бұл шаруаны жедел түрде іске асыру қажет. Мұрын жыраудың (жолбасшысымен) Алматыға келуіне, жырларды жазып алу шараларын ұйымдастыруға деген қаржы 8-10 мың сом мөлшерінде белгіленіп отыр (жазып алу жұмысына кем дегенде 10 ай кетеді).

Сондықтан, айрықша құнды да сирек кездесетін қазына – өзінің бағалығы жағынан қырғыздың “Манасынан да” асып түсер дүниежүзілік маңызы бар халық эпосынан мəңгілікке айырылып қалу қаупі төніп тұрғанда, тіптен, қазіргідей соғыс кезінің өзінде де бұл шаруаны жүзеге асыру қажет жəне ол мұны ақтайды деп есептейміз.
0 дауыс
"Қырымның қырық батыры" жырынын сюжеттик жемиси кандай? осы туралы тауып бериниздерши
0 дауыс
Əр батырға мінездеме бере аласыздар ма ?
...