0 дауыс
11.6k көрілді
Көрсеқызарлық -   қыздың қырық тыйымының бірі екен. Бірақ, оның мағынасы қандай?

2 жауап

0 дауыс
 
Жақсы жауап
КӨРСЕҚЫЗАРЛЫҚ
 
Молшылық пен байлыққа жетпеудің төртінші себебі: Көзіне түскен нәрсеге қызығып, лездік мауқын басып сатып ала беру кедейшіліктен шыға алмау.
 

Сабырлылық, үнемділік және қажетсіз ысырапкершілікке жол бермеушілік, пайғамбарлық сипатының жиырма төрт қасиетінің бірі. Ысырапкершілікке жол бермеңіз. Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.)

 
Адамдардың басым бөлігі әрбір тапқан тиынын лезде жұмсап, қарызға және несиеге дүние алуға бейім тұрады. Егер де осы әдетіңізден құтылмасаңыз сізде ешуақытта ақша болмайды, байымайсыз. Үнемшілдікті әдетке айландырыңыз. Ақшаны бет алды шашпаңыз. Байлыққа баратын жолды аңсап тұрсаңыз, ол жол базарға барғандай қарапайым әрі түзу. Ол негізінен мына екі сөзден тұрады – ынтаңыз бен үнемшілдігіңізден. Уақытыңызды бет алды ысырап қылып, ақшаңызды рәсуа қылып шаша бермеңіз. Осы уақытыңыздың да, қаражатыңыздың да қарымтасы барынша қайтатындай етіп ақшаңыз бен уақытыңызды жұмысқа жегіңіз, мүмкіншілікті ұтымды пайдаланыңыз.
0 дауыс
Көрсеқызар – қызыққой, еліктегіш деген мағынаны білдіреді екен.Мысалы біреуден бірдеңе көрді ма сол затқа қатты қызығып,көрсеқызарланып,өзінде де болғанын қалау.
Рахмет жауабыңызға.
...