0 дауыс
20.6k көрілді
2 сынып оқушысына лайықтап шуда, суретші, жуас сөздеріне сөйлем

6 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап

1. Мұнда "шуда" сөзіндегі "Ш" әрпі бас әріппен жазылмағандықтан, "шуда" сөзі түйенің мойын, өркеш арасы, тізе жүнінен алынатын қылшық болып отыр ғой. Демек шудадан жіп иіріледі. Шуда жіп деп аталады. 
Сәйкесінше сөйлемді де шуда жіпке қатысты құруға болады. Мысалы:
Саршұнақ аяз күшейген сайын мен де қасарысып,  атамның шуда жіптен тоқылған тонына орана түстім. 

2. Таңмен таласа оянған суретші керек-жарағын қолтықтаған күйінде қорықшының ағаш үйінен жедел аттанып, жалғыз аяқ соқпақты бойлай жоғары өрледі.

3. Еркін қаладан алып келген коньякка ерні тигені сол еді, қой аузынан шөп алмас жуастығы жайына қалды.

 

Дұрыстап қара! 2-сыныптың баласы құрай алатын сөйлем.
2 сыныпта осындай құрмалас сөйлем құрай алатынмын, сондықтан "Дұрыстап қара" деп лепті сөйлем жазудың қажеті жоқ, Ұқтың ба?
Ии інім! Қоя сал.
бұйрық райдағы етістіктеріңді өзіңе сақта
0 дауыс
осы үш сөзді қатыстырып сөйлем құрау керек пе? әлде әр сөзге жеке-жеке сөйлем құрау керек пе?
0 дауыс
Жас суретші табиғат суретін салып отыр. Шуда күн ыстық. Жас бала ойнап жүр
0 дауыс
Шуда деген түйенің жүні. Бар емес па жұмбақ? Маң-маң, маң басқан, Шудаларын шаң басқан. Жауабы түйе. Қорадағы түйенің жүнін шаң басқан.
Менің ағам суретші, маған оның салған суреттері ұнайды.
0 дауыс
Суретші сурет салды.Біздің бұзауымыз жуас.
0 дауыс
1-Суретші сурет салады

2-Менің итім жуас

3-Айжанның шуда басы ауырады

Ұқсас сұрақтар

0 дауыс
1 жауап
0 дауыс
0 жауап
Белгісіз 13.04.2022 Мектеп сұрақ қойды
...