0 дауыс
1.9k көрілді

Осы адамның жазуына қарап мінезді анықтап жатамыз ал көздің қасына бар ма?

Адамның көзінің қасына қарап нені білуге болады?

1 жауап

0 дауыс
● Қоңыр (қой) көз иегерлері: Сүйкімді, Тапқыр, Сезімтал. Тез ашуланады. Еркелігі де бар. Олардың үш керемет қасиеті: Тартымдылық, Сымбаттылық, Шыдамдылық. Өкпені тез ұмытып кететін жандар.

● Ашық қоңыр көз иегерлері: Ұялшақ, Арманшыл, Жалғыздықты сүйеді. Оларды сіз тым сыншыл деп қалуыңыз мүмкін, бірақ осы қасиетінің арқасында олар еңбеккор және ұқыпты. Бұл адамдарғы сенсеңіз болады. Барлығын жеке өздері істегісі келеді. Ешкімнің ықпалына ермейді.

● Аралас қоңыр көздер (қарақошқыл): Өте жұғымды, Көпшіл, Әуесқой. Өте тез ғашық бола алатын жандар. Бірақ көбінесе құмарлық кеткеннен кейін, махабатта жай-жайдан сөне береді.

● Қара көздердің иегерлері: Шыдамды, Белсенді, Байсалды. Өзінің қандай адам екенін жетік біледі және адамдарға жақсы жағынан көріну олар үшін ешқандай кедергі туғызбайды. Олардың асқан батылдығы тек қана жеңістердің емес көз жасының да дәмін татқызуы мүмкін.

● Көгілдір көз иегерлері: Романтиктер, Сезімтал, Әсершіл. Олардың ойларын болжап білуге болмайды. Олар сүйе біледі, сүйгізе біледі. Өте әділетті жандар, тіпті өздеріне зиян келсе де, әділеттік орнатуға тырысады.

● Көк көз иегерлері: Қырсық, Сезімтал, Өжет. Мінездері жел секілді, қайда соғатынын білмейсің. Тек қана сезімге емес үлкен саяхаттарға да құмар жандар. Өкпе-ренішті ұзаққа дейін ұмытпайды.

● Сұр көз иегерлері: Мықты, Ақылды, Батыл. Сіздің мәселеңізді мүмкіндігінше тез шешіп бере алатын адам. Бірақ жүрек мәселелерін де көмегі аз. Өте білімқұмар, сезімтал. Бұл адамдармен әрқашан да қызықты.

● Сұр-жасыл көз иегерлері: Өте Қайратты, Жігерлі. Кез-келген шыңды бағындыруға күштері жетеді. Көп сөйлемейтін адамдар.

● Жасыл көздер: Өте нәзік, Адал, Ақкөңіл. Өте жақсы тыңдай білетін және ойын жеткізе білетін адамдар. Өте тиянықты, бірақ қиялы аса дамымаған. Олар үшін сүю және сүйікті болу өте маңызды.

Қастарының ұзын ұшы жаңа туған айдай иіліп тұрған адам қай ортада да құрметті, ибалы, жұрт мойындайтын жан саналады. Қас­тың қысқа әрі қою болуы - ашудың қаттылығы. Қас ұшының жоғары қарай бітуі үлкен табысқа жетуді білдіреді.
Қою жалпақ қас - батылдық пен туралықтың, әміршілдіктің бел­гісі. Қастың ортасының жоға­ры қарап тұруы кең жүректілік пен достыққа адалдықтың белгісі. Қасының бар-жоғы білінбейтін адам - балалық шағы ауыр өткен жан, көбіне сотты болатындардың сортынан. Қас қылдарының жан-жаққа шашырап тұруы - «шай­тан­дықтың» белгісі. Қою қаста­рының ортасы қосылып біткен әйел еркек мінездес, қайратты бо­лады. Қастың көзден жоғары тұ­руы - биілікке құмарлықтың, ал қастың көзге жабысып тұруы - бағыныштылықтың белгсі.
Оң қастың үстіне біткен әжім - үміттің, сол қастың үстіне біт­кен әжім - ділгерліктің белгісі.
...