0 дауыс
4.0k көрілді
Қыдыр қонудың мағынасы қандай?

1 жауап

+1 дауыс
Қыдырды Араб тілінде Хизир дейді. Ол пайғамбар. Сондықтан Хызыр (а.с.) деп жазылуы керек. Ол тірі және қиыншылықтарға ұшыраған жандарға Алланың қалауымен жәрдемші болады. Тіпті ол Мұса (а.с.) пайғамбардың өзіне ұстаз болатыны Қасиетті Құран Кәрімде айтылған. Қазақтың да Қыдыр ата деп айтатыны да сол бір кісі. Ал мынау Рамазан айындағы Қасиетті Қадір түнінде Қыдыр атаны күтетін түн деп білген адамдардың діни білімсіздер екені бұлтсыз аспандағы айдан да анық. Қадір түні Құран түскен күн деп, қадірлі, сығылысу түні дейді. Өйткені ол түні жер бетіне түсетін періштелердің саны соншалықты көп болатыны сондай, олар сыймай қысылысады екен. Әрине періштелер Мухаммеди (с.а.с) Нұрдан жаратылғандықтан, олардың сыйыспай сығылысуларын біз қиялымызбен елестете алмаймыз. Айта берсең әңгіме көп. Сөздің ең жақсысы аз және түсінікті болғаны деп Хазіреті Әли (р.а.) айтқандай осы ақпараттар да жетіп қалар. Ал қонсын дегенінің мүмкін мағынасы да бар болар немесе жай тіркескен сөз, әйтпесе ол құс емес қонатын. Ал үйге қонып ұйықтайтындай ұйқыға да мұқтаж емес.

Ұқсас сұрақтар

0 дауыс
2 жауап
0 дауыс
5 жауап
...