0 дауыс
1.2k көрілді
Грантта оқимын. Оқу қиын, оның үстіне болашақ мамандығымды сүйемін. Бір жағынан сүйіктіммен бірге жүргім келеді.

11 жауап

+5 дауыс
Шыға бер әйтпесе отырып қаласын...(ойнап айтам, без обид)  Негізі патша көңілің білсін, жағдай келіп жатса, бір-бірлеріңді ұнатып жатсаңдар, шыға беріңдер. Мен разылығымды беремін. Сонда да ата-анаңның алдынан бір өт.
+5 дауыс
Егер грантта оқитын болсаң, әрине оқуыңды бітірп ал... Бір жағынан диплом, білім келешекте қай жерде болмасың, өзіңе тең құқылы статус (приоритет) беріп тұрады, ол - бір; ал екіншіден кейін семьялы болғанда мүмкін жұмысқа мамандық бабы бойынша ілігіп кетерсің Қазыр 21 ғазыр, баяғы заман емес... Ал сүйіктің өлмейді, шыдай тұрсын; егер шын сүйсе тоса білсін
+4 дауыс
Әзірге қоя тұргандарыныз дұрыс,бір жағынан оқу ,бір жағынан отбасы улгеруін қиын болады. Отбасылы болғасын оның оз окуы бар дейді. Балалы болсаң окуың жайына қалады. Бір екі жыл кутсін,шын суйсе кутеді.  Өмір сенікі,озін біл! Бәріне улгерем десен тие бер!
+3 дауыс
Жастықтың жалыны бар бойыңда бәріне үлгеруге құмарсын ғо онда сәттілік тұрмысқа шығуға келісе бер талай қыздар жүр оқу орындарында қарындарын қампыйтып сенде солар сияқты боласың қиыншылықсыз өмір болмайды шыдамың жетсе болды.
+2 дауыс
Қарындасым-ау, окуыңды бітіріп алған жақсы, жігітімен неше ай,жыл  журдің?Баланың жасы нешеде? Окуыңды таста ма!
+2 дауыс
Әрине отбасы құрған дұрыс. Әсіресе әйел адамға бірінші кезекте отбасылық жағдайды ойлау қажет. Ал отбасыны асырау ер адамның мойындағы іс. Бірақ отбасыны құру оңай іс емес екендігін ұмытпаныз. Жеті рет өлшеп, бір рет кескенініз дұрыс. Өйткені қазіргі таңда жастықтың алауымен отбасы құрып, көп ұзамай тіккен отаулар бұзылып жатады. Мәртебелі өмір сүргіңіз келсе, өзіңіздің баянды болашағыңыз үшін кез-келген нәрсе жасауға дайын болу қажет. Яғни оқуда да озат болып, жанұяны да үлгілі ету қажет.
+3 дауыс
Үйленгеніңіз дұрыс. Көп қыздар ата анасын немесе дос қыздарын тыңдар шоқ басады. Қыз бала үшін бастысы- жақсы жар, отбасы, бала. Жағдай мағдай дегеннің барлығы сылтау. Сіз бақытты болуыңыз тиіс. Бақ адамға көп келе бермейді. Сондықтан мүмкіндігіңізді жіберіп  алмаңыз.!!!!!!
+1 дауыс
замандас калайсын.мен сизге айтарым али жассын го. И казакта макал бар емеспе уйлену онай,уй болу киын деген сондыктан асыкпаныз.дипломынызды битирип ал.содан кейин он шешим кабылда,тек асыгъстык жасама,кейин окинесин....
+1 дауыс
ойланып карасак айел болып еркек болып не ушын жаратылдык ен бастысы адам болып не ушын жаратылдык куранда Аллах "адам мен жындарды Өзіме құлшылық етү үшін жараттым"дейді,ал еркек пен әйел жуп болып жаратылған яғни қосылу үшін ерте ме кешпе есі бар адамнын ойланатын маселесі негізі ғалымдардын зерттеуінше әйел адамға 18бен23 жас аралығы ен дурыс уақыты делінген! жүре берсен шақуат болады араларында жаман істер болып қалуы мумкін оданда некелесіп қызықпен қыйыншылықты бірге коріп болісіп омір сургенге не жетсін қарындасым айел адам үшін бала сүйіп жарының жанында жүрген бақыт емеспе?
0 дауыс
меніңше оқуынды оқып ал!қазіргі кезде талайлар ерте үйленип,сонан сон опык жеп отыр.осындай жағдайдан аулақ болғын келсе,жігітіңе айт оқу мен жанұяны бірге алып жүру қиын!әсіресе әйел затына.
0 дауыс
Үйлену оңай-үй болу қиын деген бар қазақта. Сондықтан үйлене салу баланың ойыны емес керек кезінде тастай салатын. Ой елегіне салғаның дұрыс бұл жағдайда. Жеті рет өлшеп - бір рет кес дейді гой. Меніңше сенің оқуыңды жалғастырғаның дұрыс. Егер екеуінде қатар алып жүре аламын десең онда үйлен арине. Нгеізі ақыл тоқтатып, оң-солыңды танып өмірге деген көзқарасыңды жақсартып, аяғына нық тұрған кезіңде үйленсең өзіңе жақсы болады деп ойлаймын өз басым. Арине бұл менің ғана пікірім.
...