0 дауыс
Шабындық сөзінің мағынасы?
07.09.2014 6.2k қаралым

3 жауап

+1 дауыс
✓ Үздік жауап
Жақсы жауап
Бізде көктемде өзен суы жазық жерге жайылады сол жерді шабындық дейміз. Ол жерден күзде шөп шабады.
07.09.2014
+1 дауыс
http://lugat.kz/ сөздігі бойынша

ШАБЫНДЫҚ
1) Мал азығына шауып алуға жаpамды шөбі шүйгін жеp. ~тан шөп шапты.

Шабындық
1) жаз бойы өсуге бейімделген шөптесін өсімдіктер биогеоценозы. Табиғи Шабындық орташа ылғалдылық жағдайында дамитын көп жылдық мезофиттік шөптесін өсімдіктердің өсуіне қолайлы жерлерде болады. Жайылма су қаптаған, тау бөктерлері, далалы және шөлейт аймақтарда көлдетіп суарылатын жерлерде табиғи шабындық өседі. Шабындыққа мал жайылады
07.09.2014
+1 дауыс
Күздігүні шөбін орып алатын жерді шабындық дейді. Ал егер егін егіп, соны орып алса, оны егіндік дейді.
08.09.2014
127,958Сұрақ
322,881Жауап
153,169Пікір
72,990Қолданушы