+1 дауыс
494 көрілді
Теледидар - ұрпаққа тәрбие берудегі негізгі құрал десек болады. Себебі, теледидар көрмейтін адам кем де кем шығар. Бүгінгі күнде барлық арналарды жаулап алған діні өзге, салты басқа ҮНДІ сериалдары біздің қоғамға қауіп төндіріп тұрғандығына бірі мән берсе, бірі мән бермейді. Үнді сериалдары біздің ата дініміз ИСЛАМды, өзіміздің салт-дәстүрлерімізді ұмытуға алып келеді деп ойламайсыздар ма? Жас бүлдіршіндер "Мен Анандимін" , "Мен Ишамын" деп жүргендігі олардың үнділерге еліктеуіне солардың діндеріне, салт-дәстүрлеріне қызғушылығына алып келеді. Олар өздерінің діндерін ашық, әрі еркін насихаттап жатырған жоқ па? Қалай ойлайсыздар? Өзіміздің дініміз Хақ - ИСЛАМды дұрыс түсінбей жүрген жас ұрпақ  рухты азықтандыру үшін БУДДИЗМді дін етіп алуы мүмкін.

Біз қазақпыз, біз мұсылманбыз (Аль -хамду ли- Ллях) жас ұрпақтың  қызығушылығын Аллаһтың дінінен, өзіміздің салт-дәстүрімізге қызықтырайық!

8 жауап

+1 дауыс
Мен де ұнатпаймын. Әсіресе әйелдер, қыздар көп көреді. Бұл халықты кішкене болсын саясаттан алдарқатудың бір амалы шығар.
Дұрыс айтасың, күнде бәле болды үнді сериялдары.
0 дауыс
Олай басқа дінге кіруі мүмкін емес. Мысалы ол жас бала, ал ересектер мен будданы қабылдаймын демейдіғой. Ал балалар оны айтады, сосын үлкейгенде өзі ақ ұмытады. Телесериялдардан салт - дәстүрлерді және басқа дінге өтуі 100пайызға мүмкін емес. Және телеарналар олай боларын білсе неге береді. Олай болмайды. Сенбесең өзің тексеріс жүргіз. Сауалнама ал.
100 пайыз болмаса да саналарында жаттала бастайды кішкене балалардың.
+1 дауыс
Дін -оқсыз қару екендігін білесіз бе? Неге мүмкін емес, күндіз -түні көретіні Буддизм болса, Субхана Ллах, әбден мүмкін. Егер, үлкейгенде барлығы дерлік ата-аналарын тыңдайтын болыпөз дінімізбен ғана жүретін болса басқа да ағымдарға кіріп кетіп жатқан бауырлар қайдан шығып жатыр ,сонда? осының барлығы балаға жас кезінде өзіміздің дінді дұрыс үйретпенгендіктен.
Сәлимаш ондайды қаратқын келмесе оларға қаратпа да өзің қарап алып не болғанын ШӘй ішкенде айтып отыр)
Белгісіз
+1 дауыс
Мен Анандимын демейтін шығар...Бірақ мен сізбен келіспеймін.Себебі ол мүмкін емес.Ал үнді киносына келетін болсақ маған тек Уәде Беремін сериялы ұнамайды себебі 1 адамды камерамен 5 10 тез көрсете береді (кешіріңіздер тақырыптан қуып кетсем)
+2 дауыс
Онда тұрған не бар? Түсiнбедiм... Келiн телехикаясында балдарды бұзатын қылықтар жасап жатырма ма, әлде сөздер айтылып жатырма? Олардың өздерiнiң салт-дәстүрлерi бiзге не қатысы бар... Ал қайтемiз ендi бiздiң режисерлар осылай сериал шығара алмаса, операторлар түсiре алмаса, сценарий жазалмаса бұлар сияқты. Баларға сериал көрсетпеймiз ба ендi?
бізде де бар . Тек жақсы насихат болмай жатыр.
Сонда бәріміз екі екіден үйленуіміз керек екенғой.
0 дауыс
Сериалдар мен ойын-сауық программалары адамдарды саясатқа араластырмаудың бір амалы. Үнді сериалдарын қыз-келіншектермен қатар, ер адамдар да көреді: Келін, Қыз ғүмыры, Уәде беремін.
0 дауыс
Үнділерді көрсеткенше неге қазақтың киноларын көрсетпейді ???
Қазақта жетіскен телехикая жоққой.
+1 дауыс
Ол әрбір қазақ үйінде көреді

Ұқсас сұрақтар

+4 дауыс
11 жауап
0 дауыс
1 жауап
0 дауыс
1 жауап
Белгісіз 27.05.2020 Ораза сұрақтар сұрақ қойды
...