0 дауыс
915 көрілді
Сәлеметсіз бе Бейсен аға!

Біз сіздің бағдарламаңызды үзбей көруге тырысамыз. Сізге қазақ әйелдерінің дүниеге бала әкелу жолында кездестіретін тағы бір мәселесі жайлы сөз қозғауды сұрағым келіп отыр. Мен дүниеге бес бала әкелдім. Жасым 37 де. Қазіргі кезде дәрігерлік есепке алынғаннан кейін неше түрлі анализ, узи т.т жасауды талап етеді. Соның бірі әйелдің жасы 30 дан асса скрининг деген зерттеу бар. Бұл құрсақтағы баланың даун ауруына шалдығып туу қаупін алдын алу мақсатында жасалатын анализ. Яғни батыс елдерінің зерттеулеріне сәйкес ананың жасы 30 дан асқанда, оның даун ауруымен ауыратын сәби туу қаупі артады мыс. Бірақ осы кезге дейін 40, 50 жаста да туған аналарымыз бар емес пе. Төртінші балама жүкті болған кезімде өз басым бұл анализден бас тарттым. Балам дін аман дені сау құдайға шүкір. Бірақ сол кезде дәрігерлердің айтқандарынан біраз жүйкем күйзелгені бар. Осы мәселемен жақында ғана бір құрбым маған телефон шалды. Оған да дәрігерлер маған айтқандай біраз қорқынышты нәреслерді айтыпты. Әлім келгенше жұбатып бақтым. Бірақ осы бәле біздің талай аналарымыздың жүйкесін жұқартып жүр деген ой келді. Осы тақырыпты көтеріп, мамандарды шақырып көпшілікке ашып тарқатсаңыз екен деген өтініш.

Сізге табыс, отбасыңызға береке тілеймін!

Гүлімай Серікбай.

Сіздің жауабыңыз

Ескерту: Email пошта сізге хабарлама жіберу үшін қолданылады
Спамға қарсы тексеру:
Төртке бесті қоссаң қанша болады?
Модерациядан өтпес үшін сайтқа кіріңіз немесе тіркеліңіз
...