+1 дауыс
1.6k көрілді
Назарбаев университетіне грантқа түсу үшін қанша ұпай алу қажет? Және оған түсерде қосымша тестілеу жүргізіледі ме? Толығырақ мағлұмат берсеңіздер.
тағы бір сұрақ. Ол жақта журналистика факультеті бар ма?

2 жауап

+1 дауыс
Ағылшынша болады ол жақта сабақ. ҰБТ-дан орыс тілсіз 95-96 балл жинасаң грантқа түсесің. Ол жақта кілең алтын белгілер оқитын шығар.
+2 дауыс

Назарбаев Университетіне бакалавриатқа қалай түсуге болады?

Қазіргі уақытта университет "Бакалавр" дәрежесімен 16 мамандық бойынша оқуды ұсынады. Бакалавриат бағдарламасына түсу конкурстық негізде жүзеге асырылады. Оқу таңдалған мамандыққа байланысты 5 жыл ішінде өтеді. Бұған 8-9 жылдық бағдарламаны көздейтін Медицина мектебі жатпайды.

Төменде сипатталған түсу тәсілі Foundation бағдарламасынсыз бакалавриатқа түскісі келетіндерге арналған.

Бакалавриатқа түсу үшін мыналар қажет:

1) Университет сайтында тіркелу және Жеке кабинетте талапкердің анкетасына рұқсат алу (My Application Forms).

2)  2014ж. 1 сәуірден 15 маусымға дейінгі кезеңде қол жетімді Жеке кабинетте анкетаны жүктеу және толтыру.

3) Жеке кабинетте талап етілетін құжаттардың сканерленген көшірмелерін қоса беру.

жалпы білім беретін мектепті аяқтау туралы аттестатты қоса берумен нотариалды куәландырылған көшірмесі;
паспорт немесе жеке куәліктің нотариалды расталған көшірмесі;
эссе (көлемі 500 сөзден кем емес) ;
үміткер оқыған оқу орнынан 2 ұсыныс хат;
ағылшын тілі бойынша тест нәтижелері (TOEFL немесе IELTS);
тест нәтижелері (SAT Reasoning Test немесе ACT with Writing Part және SAT Subject Test);
оқыған университеттен екі тілдегі ресми транскрипт : түпнұсқа тілде және ағылшын тілінде (ауысатын студенттерден талап етіледі);
меңгерілген курстарды 2 тілде сипаттау (пәндерді): түпнұсқа тілінде және ағылшын тілінде.

4) Нұсқаулыққа сәйкес форманың толтыру дұрыстығын тексеру және жүктелген мәліметтерді растау (талапкер анкетасы және қоса берілген құжаттар).

Құжаттарды электронды түрде жібергеннен кейін:

талап етілетін құжаттарды қағаз түрінде Университетке келесі мекенжай бойынша жіберу: Қазақстан Республикасы, 010000, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 53, Назарбаев Университеті, Қабылдау бойынша департамент, 1118-кеңсе.
стандартталған тесттердің нәтижелерін Университетке әкімшілер арқылы жіберу қажет.

толығырақ мына жерден

...