+1 дауыс
588 көрілді
Ауылда 500-үндiгiм бар, қайда сатсам болады Оңтүстiкте н/е басқа қалаларда оптоммен? Салмақтары 10-15кг, тiрi бағасы(живой вес) килограммен?

4 жауап

0 дауыс
 
Жақсы жауап
- Біз қазір өз өндірісімізден бөлек, ауылдарда шағын кәсіпкерлікті, отбасылық кәсіпті дамыту үшін тұрғындарға балапан сатуды дамытып отырмыз, - дейді «Ордабасы құс» ЖШС бас директоры Мұрат Тағаев. – Бастапқыда тәуліктік балапандарды сату жоспарланған. Бірақ, мамандарымызбен ақылдаса отырып, бір айлық балапанды сатуды ұйғардық. Өйткені, тәуліктік балапандарды  сатып алушылар өлтіріп алуы мүмкін. Ал, бір ай мерзімде балапан 1,5-1,8 кило салмақ тартып, қажетті вакциналары егіліп, тиісті жемдерімен, дәрумендерімен азықтандырылып, «темірқанат» дәрежесіне жетеді. Оны көтерме бағадан 1000 теңгеден өткіземіз. Қазығұрт ауданының өзі - 62 мың, Шардара ауданы – 4 мың, жалпы өзге өңірлерді қосқанда, 70 мың балапан сатып алды. Ветеринарлық дәрігерлеріміз, зоотехниктеріміз құсты бағып-қағудың барлық нұсқамаларын жасап, алушыларға таратып отырдық.

 Бағып-қағудың дұрыс технологиясын сақтаған жағдайда үндіктің салмағы кемі 15-тен 25 килоға дейін сойылған кездегі салмақты береді. Енді нақты есепке келейік. 100 үндігіңіз 15 килодан бергенде, 1500 кг. Енді оны фабрикаға қайтадан 500 теңгеден өткізсеңіз, 750 мың теңге. Бір үндікті бағуға мамандардың есебі бойынша 30 кг дейін фабриканың өзінен өндірілетін байытылған жем кетеді. Оның килосын жеңілдікпен 70 теңгеден  босатуда. 30 кило жеміңіз 2100 теңге тұрады. Яғни, 100 құсқа 3000 кг жем жұмсалады. Бұл – 2100 теңге. Енді 750 мың теңге табыстан 210 мың шығынды алып тастасаңыз, 540 мың пайдаңызға қалып тұр. Серіктестіктің бас директорының айтуына қарағанда, оны бағу технологиясы да күрделі емес, үйдегі мектеп оқушысы да баға береді.

 

 

 

Қазығұрт ауданында арнайы іссапармен болғанымызда, аталмыш серіктестіктен үндік алып бағушылардың жұмысымен толық таныстық. Тұрғындар кемі жүзден бастап, мың данасына дейін алғандары бар.  Тек қана кейбірінде бір ғана кінәраттар кездесті.  Ол – құстардың аяқтан ақсауы, буын аурулары. Мұның себебін Мұрат Тағаев былайша түсіндірді: «Кей азаматтар қазақшылықпен, яғни, бізден арнайы байытылған жемді алғысы келмей, даладағы шөппен, шегіртке жәндіктермен баққанды жөн көреді.  Шығынды неғұрлым аз жұмсап, көп пайда тапсам дейді. Бұлай болмайды. Біздегі үндіктер технология бойынша ағзасына қажетті азықтық байытылған тағамды толық алуы керек. Біздің арнайы жем дайындайтын базамыз  12 компоненттен тұратын түйіршіктелген жем шығарады. Оның құрамында кальций де бар. Үндіктердің аяқтан ақсауы - осы кальцийдің жетіспеушілігінен. Сондықтан, көк шөпке жайып, бір мезгіл бидай, я мақсары берсек болды дейтіндер қателеседі».

 Қазығұрт ауданының Шанақ ауылының тұрғыны Миятбек Жұрқабаев фабрикадан 100 үндік балапанын сатып алыпты. Бәрі аман-есен өсуде. Ешқайсысы аяғынан ақсамаған. Бастапқыда далаға жайып, фабриканың жемінен беріп тұрыпты. Кейін тек бидаймен коректендіруде. Бірақ, салмақ қосуын тоқтатқан.

 - Тек қайда сататынымды білмеймін, бір үндігімнің өзі 4-5 айда 7-8 кг салмақ тартқан. Қаладан бір үндікті тірідей 5 мың теңгеден-ақ біртіндеп сатып алып кетіп жатыр. Қалай болғанда да ұтылған жоқпыз. Келесі жылы осы кәсіпті дұрыстап қолға алсам ба деп отырмын,  - дейді Миятбек.

 

Серіктестік директоры М.Тағаевтан құстарды қайта сатып алу мәселесін сұрадық. Бағу технологиясын дұрыс сақтап өсіргендер келісім-шарт бойынша фабрикаға қайта өткізгісі келмейді екен. Жақсы баққандар килосын бізге килосын 500 теңгеден өткізгеннен гөрі, сұрап келгендерге килосын  650-750 теңге шамасында сатып жіберуде. Біз оған да мақұл деп отырмыз. Салмағы  12 килодан кем болмай, талап бойынша бағылғандарды килосына 500 теңгеден сатып алуға дайынбыз. Ал, бұл дәрежеге жетпегендер екінші категориялы етке жатқызылады, ондайларын 300 теңгеден қабылдаймыз. Бұл бағушыға да, бізге де тиімсіз. Сондықтан, мұны клиенттерімізбен түсіністікпен шешудеміз. Жарайды, солай-ақ болсын, тағы да қайта есептеп көрейік. Бір айлық балапан 1500-1800 кг салмақ тартады дедік. Біріншіден, бұл мың теңгеге арзан. Екіншіден, бағудың қиын талаптарынан өтіп, «темірқанат» болған. Айлық 100 балапанды мың теңгеден есептегенде, 100 мыңға аласыз. Бір-бір жарым ай ғана фабриканың байытылған рационды жемін беріп, ары қарай қазақшалап баққанның өзінде кемі 5-6 килодай салмақ береді. Бұл жерде жоғарыда аталған Миятбектің тәжірибесіне қарай сүйеніп тұрмыз. Әрқайсысына 5 килоның байытылған жемі кетсе, 70 теңгеден 350 теңге болады. Яғни, 100 үндікке 35 мың теңгенің жемі шығындалмақ. Ал, 100 үндік 5 килодан салмақ тартса, 500 кг деген сөз. Оның килосын 300 теңгеден өткізгеннің өзінде, 500 кг етіңіз 150 мың теңгеге айналып тұр. Бірақ, килосы 300 теңгеден келетін үндік етін таппайсыз, ондай баға  жоқ.

 

Енді оқырман, дұрыстап ойланып көріңізші, 6 сотық аулаңызға да кемі 300 үндік баға аласыз. Оны жаңағыдай жолмен есептеп көрсеңіз, жұмысыңыздан қол үзбей-ақ, қосымша қанша табыс таба алатыныңызды бағамдай беріңіз.
Улкен рахмет саған! Мен мұндай бизнестi қолдан жiбермеймiнғой...
сен ол тұйетауықты қайдан алдын
Базардан 10 алғам. Оздiгiнен көбейген қалғандары
0 дауыс
Байқаймын етті тауықтар ау. Шымкент қаласында "Жабық базар"  деп аталатын базар бар сонда алып барып көр.  Болмаса Ордабасы құсқа апарсан 1 кг 500 ден алады.
Ордабасы құс фабрикасында аларын қайдан бiлесiң? Естiдiңба? Оқыдыңба?
0 дауыс
http://www.satu.kz/, http://www.slando.kz/ сайттарына хабарландыру бер. Алатын адам өзі келіп алып кетеді.
0 дауыс
Ордабасы құста кадімгі үй үндік алмайды кұркетауыққой оздеррінің

Ұқсас сұрақтар

...