+1 дауыс
45.4k көрілді
Психологиялық тесттер керек еді?

4 жауап

+3 дауыс
 
Жақсы жауап
Психологиялық тест: Жүрек түкпіріндегі қорқыныш.

Бұл – бес жасар кішкентай қыздың түсі. Кішкентай қыздың шешесі оны жетелеп жүріп келеді. Қыз шешесінің қолын қоя бере салып, жол шетіндегі қызғалдақты аламын деп қолын соза бергенде, шешесі одан ұзап кетеді. Қыз жан дәрменімен шешесінің соңынан жүгіреді. Неліктен екені белгісіз, оның екі аяғы өзіне бағынбайды. Дәл сол сәтті кішкентай қыз: «Шеше!» деп айғай салады. Ендеше, қыздың түсіндегі шешесі қандай әрекет жасауы мүмкін?

А. Қыздың айғайлаған дауысына назар аудармай, алыстаған күйі кете барады.

В. Дереу артына бұрылып, қызының қасына жүгіріп келіп, оның басын сипайды.

С. Жүрісін тоқтатып, қызға қарап қолын бұлғайды. «Балам, тезірек жүр!» деп дауыстайды.

Жауабы.

«А» жауабын таңдаған адамдар: Сыңаржақты және көпшілік ортада үрейленгіштігі басым. Қол үзер, қош айтысып айырылысар сәтте өз-өзінен бұқпантайлап, жасырынғысы келеді. Сәби күніңізде омыраудан ерте шыққан болуыңыз мүмкін. Сондықтан, көңіліңіз қалайтын дүниеден айырылғанда үрей мен қорқыныш жаныңызды билейді екен. Басқа қарапайым адамдармен салыстырғанда, жалғыздықтан қатты қорқасыз, сол себепті, тіршілік етуге мол мүмкіндігі бар, еркін ортаға келгенде көңіліңізді алаң басып, жалғыздықты қатты сезінеді екенсіз. Өзіңізді қорғайтын, сізге тыныштық бағыштайтын адамның табылатынына сеніңіз, осыдан кейін ғана бұл үрейден айығуыңыз мүмкін.

«В» жауабын таңдаған адамдар: Жалғыз қалғаннан қатты қорқасыз және оны сыңарезулікпен жасырасыз. Бала күніңізде анаңыз сізді қатты аялап өсірген. Ананың шектен аса мейірін төгуі әрине жақсы, бірақ, бұл құбылыс сізді өз субъективтік қасиетіңізден айырып тынған. Сол себепті, сіз іштей анаңыздың (немесе сондай жақын адамдарыңыздың) басқаруына өтіп кетемін бе деп алаңдайсыз. Мұндай жан күйі, сезініс сізді тіптен жалғыздыққа қарай жетелей түседі. Өзіңізді тәуелсіз болуға тәрбиелеңіз. Өзіңізге тән көзқарастар мен танымды қалыптастыруға құлшыныңыз.

«С» жауабын таңдаған адамдар: Ішкі жан күйі қалыпты адам. Анасымен (немесе сол сияқты жақын адамдарымен) ара қатынасы қалыпты жағдайда. Балалық шағында ана мейірі мен туысқандар арасында аялау мен мәпелеу жүргізілген. Тағы бір сөзбен айтқанда, өз кеңістігіңізде сізде ешқандай ішкі үрей мен қорқыныш жоқ.
+3 дауыс
Саусақтар арқылы мінез анықтау (тест)

Мұндай тестерді көбіне психологиялық тренингтерде оқушылар мен студенттерге жасатады. Кішкентай тесттен адамның болмысын суреттеп шығуға, әрине, болмас, алайда өзіңіз жайлы кішкентай мағлұмат алуға болады.

1. Саусақтарыңызды бір-бірімен айқастырыңыз.

Егер оң қолыңыздың бас бармағы сол қолыңыздың бас бармағының үстінде жатса, параққа «2» деп жазыңыз, егер сол қолыңыз үстіде жатса - «1».

2. Бір көзіңізді жұмып, кез келген нысанаға дәлдеп көздеңіз.

Егер сол көзіңіз ашық қалса, «1» санын жазыңыз, егер оң көзіңіз ашық қалса - «2».

3. Қолыңызды кеудеңізге айқастырыңыз, қай қолыңыз үстіде жатыр?

Егер сол қолыңыз саусақтары оң қолыңыздың үстінде жатса, «1» санын жазыңыз, егер оң қолыңыз үстіде жатса - «2».

4. Көлденең шапалақтаңыз.

Егер сол қолыңыз үстіде болса - «1», егер оң қолыңыз болса, онда «2».

Қорытындысын сандардың орналасу тәртібі бойынша анықтаңыз:

«2222» - (жүз пайыз оңақай) – мінезі тұрақты, консерватизм, біреулермен шиеленісуден, ұрсысудан қашады.

«2221» - ең үлкен кемшілігі – батылсыздық, тартыншақтық.

«2212» - өте ашық, кез келген адаммен тіл табысып кетеді.

«2111» - тұрақсыздық, жалтақтағыш, біреудің қолдауы мен пікіріне тәуелді, өзіне сеніп үйрену керек.

«2211» - мұндай үйлесім көп кездесе бермейді. Ашық адамдар, жақсы қарым-қатынас жасайды, әрі мінездері жұмсақ.

«2122» - бұндай адамдарда аналитикалық ақыл-ой жүйесі қалыптасқан, мінезі жұмсақ. Бәріне сақтықпен қарайды, адамдармен өзін салқынқанды ұстайды.

«2121» - бұл тіркес те сирек кездеседі, қорғансыздық, адамдардың ықпалына ұшырап тұрады.

«1112» - өте әсершіл, қайратты әрі батыл адамдар.

«1222» - жиі кездесетін мінез. Әсершіл, алайда өмірлік сұрақтарды шешуде жігерлік пен батылдық жетпей жатады, басқалардың ықпалына көніп кетеді. Өте ашық, адамдар өздері тартылады.

«1221» - әсершіл, батылдық жетіспейді, мінезі жұмсақ, аңғал.

«1122» - досжанды адамдар, бірақ сонымен қатар аңғал және қарапайым. Істерін саралап, өз-өзін қазбалауға құмар. Қызығушылығы көп, бірақ уақыты жете бермейді.

«1121» - адамдарға қатты сенеді және мінезі өте жұмсақ. Көбіне шығармашылыққа бейім адамдар.

«1111» - (жүзпайыз солақай) – кертартпа адамдар. Шығармашылыққа өте бейім. Көптеген заттарға ерекше көзқараспен қарайды. Өте әсершіл, дарашылдық, эгоизм басым. Қыңыр әрі өзімшіл, бірақ бұл оларға өмір сүруге кедергі емес.

«1212» - рухы мықты адамдар. Бірбеткей десе де болады, қойған мақсаттарына жетеді.

«1211» - өз-өзін қазбалауға құмар, тұйық адамдар, көпке ашылмайды, бірақ рухы мықты, алдына мақсат қойса ештеңеден тайсалмайды.

«2112» - жайдары, еркін мінезді, достарды тез табады, танысуы да оңай және қызығушылықтарын да жиі ауыстырады.
0 дауыс
Тест: "Суреттен нені байқадыңыз?"

Жауаптарын оқымай тұрып, ақ қағазға жаңбырдың астында келе жатқан адамның суретін салыңыз. Суретті салып  болған соң,оның әрбір бөлшегіне мән беріңіз. Бөлшегіне жәй ғана қарап қоймай, сезіне де біліңіз. Бірінші кезекте өзіңізге «Өзім салған суретке қараған кезде қандай сезімде болдым? Оның әрбір бөлігінің мен үшін маңызы қандай?» деген сұрақтар қойыңыз. Бұл сұрақтар дұрыс талдауға көмектеседі. Енді суреттің әрбір деталін анализден өткізіңіз. Суреттегі адам қандай іс-әрекет жасап тұр? Мүмкін қолшатырды ұстап, бір қалқаға тығылып немесе жәй ғана жауын астында қыдырып жүрген шығар. Өзіңіз туралы құпияны ашуға көмектесетін бірнеше көмек сөздер ұсынамыз.

 

- Суреттегі жаңбыр адамның күнделікті өмірде кенеттен кездестіретін қиындықтарын және өзін ол қиындықтардан қашып құтыла алмайтындығын білдіреді.

 

- Суреттегі кейіпкердің қандай көңіл-күйде (қуаныш, реніш, өкпе, наз, ыза, шаттық және т.б.) екендігін анықтаңыз. Ол өзіне көмектескенін қалай ма әлде қиындықтарды еңсесін көтеріп қарсы алуда ма? Ол қиындықтарға мүлдем мән бермеуі тағы бар.

 

- Аспандағы бұлттар жайсыздықты немесе бақытсыздықты күту деп түсіндіріледі. Көп алаңдайтын адамдар көлшіктер мен балшықтың суретін салады. Мұнымен қатар көлшіктердің адамның қай жағында (алдында, артында, айналасында, тура аяғының астында) орналасқандығына мән беріңіз. Көлшік артқы бөлігінде орналасса, қиындықты жеңгені. Алдында болса, өзіне-өзі жайсыздық тудырып жүргені.

 

- Егер адамның бір орында тұрғанын емес, жылжып келе жатқандығын бейнелесеңіз, қиындықтан қашқаныңыз. Әдетте қиялға жақын, жанына тірек болып жүрген жандардан айырылған жандар адамның үстіңгі бөлігін ғана салады.

 

- Айналасындағылардан сақ жүруді жөн көретін адамдар суретке теріс қарап кетіп бара жатқан кейіпкерді салады.

- Найзағай адам өмірінде үлкен өзгерісті күтетіндігін білдіреді. Аспандағы күн мен кемпірқосақ игі істерге ұмтылуды, әлемде тек жақсылық атаулының болуын ғана қалау. Кемелділікке ұмтылу.

 

- Киімнің қызметі табиғаттың алапат күштерінен қаншалықты қорғанатындығыңызбен байланысты.  Яғни, суреттегі сырт киім тағы да бір қорғаныш қызметіне зәру болып жүргеніңізді айқындайды. Ал үсіндегі киімдерінің аз болуы – қоғамға деген қарсылық, стереотиптерден бас тарту, адамдардың пікіріне мән бермеу. Жылдам жауап қайтару.

 

- Қолшатырды қоршаған ортадан психикалық деңгейде қорғануды жөн көретін тұлғалар салады. Оның суреттегі кейіпкерді қорғап, қорғамай тұрғандығына да мән беріңіз.

 

- Өзге де қосымша үй, ағаш, көлік немесе қолдағы сөмке, гүл, кітап сынды детальдар осылардың жетіспеушілігімен және оларға қол жеткізем деген үлкен талпыныспен түсіндіріледі.

Психолог мамандардың айтуынша, сіз салған суреттегі кейіпкер – өзіңіз. Ал жоғарыдағы талдаулар тек өзіңізге тиесілі.

Тест нәтижесі бойынша сіз қандай адамсыз?
0 дауыс
маган оте жаксы унады.дурыс жауап жеке психолог керек еди

Ұқсас сұрақтар

...