0 дауыс
1.0k көрілді
Жалақының қандай түрлерінен алимент ұсталуы мүмкін?

3 жауап

0 дауыс

«Кәмелетке толмаған балаларды асырап-бағуға алимент ұсталатын жалақының және (немесе) өзге де кiрiс түрлерiнiң бекітілген тізбесі бар,  онда кәмелетке толмаған балаларды асырауға алименттерді ұстаужалақының барлық түрлерінен (ақшалай сыйақы, асырау) және ата-анасы алатын өзге де табыс түрлерінен жүргізілетіні көрсетілген.  Бұнда қай валютада болатыны еш маңызды емес – ұлттық немесе шетелдік. Осылайша, алименттер мыналардан ұсталады:

  • еңбекті төлеу жүйесімен көзделген, лауазымдық жалақыдан белгіленген орындалған жұмыс үшін немесе нақты өткен уақыт немесе орындалған жұмыс үшін қызметкерге есептелген жалақыдан;
  • еңбекті төлеу қорының шегінде қаржыны үнемдеу есебінен алынған үстемеақылар, сондай-ақ еңбек төлеу жүйесімен көзделген үстемеақылар және қосымша ақылардың барлық түрлерінен немесе тиісті мекемені ұстауға көзделген қаржылар;
  • сыйақылардан (марапаттардан), сондай-ақ еңбек төлеу жүйесімен көзделген материалдық марапаттаудың өзге нысандары;
  • өтемақыларды қоспағанда, ақшалай өтемақыдан;
  • демалыс уақытындағы сақталатын еңбекақыдан, сондай-ақ бірнеше жыл үшін демалыстар қосылған жағдайда пайдаланылмаған демалыс үшін ақшалай өтемақылар;
  • комиссиялық сыйақыдан (штаттық сақтандыру агенттеріне, штаттық брокерлерге жән басқаларға);
  • азаматтық заңнамаға сәйкес жасалатын және бір реттік сипатқа ие емес шарттар бойыншаорындалған жұмыстар, ұсынылған қызметтер үшін сомалардан;
  • авторлық сыйақы сомаларынан;
  • зейнетақы төлемдерінің барлық түрлерінен, мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылардан;
  • білім беру ұйымдарында оқитындарға төленетін стипендиялардан;
  • заңды тұлғаны құрусыз кәсіпкерлік қызметпен айналысу табыстарынан;
  • мүлікті жалға беруден түскен табыстардан;
  • заңды тұлғаның мүлікті басқаруға қатысудан басқа табыстары және бағалы қағаздар бойынша табыстарынан;

Семей ядролық полигонындағы және Арал маңындағы экологиялық аймақтардағы ядролық сынақ ықпалына ұшыраған аумақтарда тұрғаны үшін қосымша еңбек төлемінен.

Бұнда әскери қызметкерлерден, құқық қорғау және арнайы мемлекеттік органдарының қызметкерлерінен алименттерді төлету қызметтік міндеттерді орындаумен байланысты олар алатын, келесі төлем түрлерінен жүргізіледі:

  • лауазымдық жалақылардан, әскери, арнайы атақ бойынша жалақылардан, арнайы атақ үшін қосымша үстемеақылардан немесе қызметтен өтудің ерекше шарттары үшін үстемеақылар;
  • Семей сынақ полигонында және Арал экологиялық апат аймақтарында ядролық сынақ ықпалына ұшыраған аумақтарда тұрғаны үшін қосымша еңбекақымен;
  • тиісті органның асырауына көзделген қаржыны үнемдеу есебінен алынатын және еңбек төлемі жүйесімен көзделген тұрақты және бір реттік сипатқа ие сыйақылардан (марапаттардан);
  • тиісті органның асырауға көзделген қаражатты үнемдеу есебінен алынатын үстеме ақылар және қосымша ақылар сомасынан;
  • бір реттік сипаты бар басқа сомалар және табиғи жән техногенді сипатты төтенше жағдайлар салдарын жоюдағы экологиялық ықпалдан зардап шеккендерге төленетін ақшалай сомадан, зиянды және экстремалды шарттардағы жұмыс үшін өтемақы төлемдері, олар мертіккен жағдайда төленетін бір реттік өтемақыларды қоспағанда ақшалай өтемақылардың барлық түрлерінен;
  • әскери-оқу, арнайы оқу орындарының тыңдаушыларының лауазымдық жалақыларынан (стипендиялар).

Заң алименттер ұсталуы тиіс табыстың ең төменгі немесе барынша көп сомасының шамасын белгілемейді, себебі алименттер ресми расталған табыстың кез келген сомасынан ұсталуы тиіс.

0 дауыс
Мемлекттік қызметтерден.
0 дауыс
мысалы 100000 болса 4 тен 1 25 000 тенге
...