0 дауыс
918 көрілді
Кедендік рәсімдеуге қандай құжаттар қажет?

1 жауап

0 дауыс
Кедендік тазарту шарасын өткізу үшін тіркелу орны бойынша кеден органына автокөлік иесі мынадай құжаттарды ұсынуы тиіс:

сыртқы экономикалық қызметтің қатысушысы ретінде тіркелуі (СЭҚ картасы), егер автокөлік Кеден одағынан әкелінбеген болса;
ЖСН көрсетілген жеке басты куәландыратын құжаттың түпнұсқасы және көшірмесі (жеке куәлік, төлқұжат);
мекенжай анықтамасы немесе үй кітапшасының түпнұсқасы;
автокөлікті сатып алу және/немесе оны иелену құқығын растайтын, сондай-ақ сатып алу құны көрсетілген құжат (иелік қағаз, бриф, инвойс, сатып алу-сату шарты, шот-анықтама, немесе кез келген басқасы), құжаттардың барлығы мемлекеттік немесе орыс тілдеріне аударылып, нотариалды куәландырылған болуы тиіс;
көлік құжаттары (темір жол, әуе немесе көлік жүкқұжаты, коносамент және т.б.);
шекараны кесіп өту бекетінен алынған көліктің жеткізілуін бақылау құжаты;
экологиялық қауіпсіздікке сәйкестік сертификаты (5000 тг. – 9000 тг.);
кедендік рәсімдеуге алынған алым (60 еуро) түбіртегінің түпнұсқасы және көшірмесі;

Бірыңғай кедендік төлемді (ККО) рәсімдеу кезінде: жиынтық төлем түбіртегінің түпнұсқасы және көшірмесі;
Кедендік жүк мағлұмдамасы (КЖМ) бойынша рәсімдеу кезінде: кеден баждарының төленгені туралы түбіртектің түпнұсқасы және көшірмесі, ҚҚС (автокөліктің жиынтық құнының 12% – сатып алу сомасы және жеткізу сомасы), қозғалтқышының көлемі 3000 текше сантиметрді құрайтын (әрбір текше сантиметрден 100 тг.) акцизделетін көлік құралдары бойынша акциздер;

қажетіне қарай кеден органы экспорт сертификатын, автокөліктің фотосуреттерін және өндіруші ресми дилерден алынатын автокөліктің шығарылған жылы туралы анықтаманы талап етуі мүмкін (5000 тг. шамасында).

Сыртқы экономикалық қызметтің қатысушысы ретінде тіркеуді кеден органдары өтініш берген тұлғаның тіркелу орны бойынша жүргізеді. Тіркеуді жүргізу үшін кеден органына жеке басты куәландыратын құжаттың түпнұсқасы мен көшірмесін, ал банкте есепшот болған жағдайда – есепшоттың бар екені туралы банк анықтамасын ұсыну қажет. Сондай-ақ, мекенжай анықтамасын немесе үй кітапшасының түпнұсқасын сұратулары да мүмкін.

СЭҚ қатысушысы ретінде тіркеу рәсімі тегін жүргізіледі, тіркеу өтініш берген күннің ертесіндегі жұмыс күнінде жүзеге асырылады.

Сәйкестік сертификаты автокөліктің Қазақстан Республикасының аумағында 2013 жылдың 1 қаңтарынан бастап әрекет ететін ЕУРО-3 экологиялық қауіпсіздік класына сәйкестігін растау үшін қажет. Егер автокөлік аталған класқа сәйкес болмаса, онда оған сәйкестік сертификаты берілмейді, нәтижесінде автокөлік кедендік тазартудан өте алмайды әрі жол полициясы органдарында тіркелмейді. Аталған норма Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы №1372 «Қазақстан Республикасы аумағында айналымға шығарылатын автокөлік құралдарының зиянды (ластайтын) заттар бөліп шығаруына қойылатын талаптар жайлы Техникалық регламентті бекіту туралы» қаулысында көрініс тапқан.

ЕУРО-3-ке ЕО елдерінде жасап шығарылған автокөліктер жатады: бензинді қозғалтқыш - 2001-2004 жж. кезеңінде, дизельдер - 2002-2204 жж., АҚШ-та – 2001-2005 жж., Жапонияда – 2005-2010 жж., Ресейде – 2008-2009 жж.. 2013 жылдың 1 шілдесінен бастап Қазақстан Республикасы аумағына енгізілетін автокөліктер үшін экологиялық қауіпсіздік класы ЕУРО-4 деңгейіне дейін көтеріледі. Сәйкестік сертификатын сертификаттау саласындағы кез келген аккредитивтелген компаниядан алуға болады, мәселен, «Ұлттық сараптама және сертификаттау орталығы» АҚ-дан немесе «ҚАЗЭКСПОАУДИТ» ЖШС-дан.
...