0 дауыс
1.6k көрілді
Кедендік тазарту (растаможка) үдерісі қалай өтеді?

1 жауап

0 дауыс

Автокөлік Қазақстан Республикасының шекарасынан өткеннен кейін, рұқсаттама аймағында, Кеден одағының шекарасында уәкілетті лауазымды тұлға ішкі кедендік транзит шарасын рәсімдеу (ІКТ) барысында автокөлікті жеткізудің мерзімі мен орнын көрсетеді. Ішкі кедендік транзит (ІКТ) автокөліктің рұқсаттама орнынан шекара арқылы кедендік мағлұмдау өтетін орынға дейін еш кедергісіз өтуі үшін қажет. Автокөлікті иесінің өзі жүргізіп әкелген жағдайда, мағлұмдау орны ретінде автомобиль иесінің тұрғылықты орнына жақын маңдағы кеден бекеті және кеден органының қызмет аймағында орналасқан Уақытша сақтау қоймасы (УСҚ) белгіленеді. Ал автокөлік иесі автокөлікті тасымалдау үшін көлік компаниясының қызметіне жүгінген болса, онда мағлұмдау орны тасымалдаушының тіркелу орны бойынша УСҚ болады.

Әкелінгеннен кейін көлік құралы Уақытша сақтау қоймасына (УСҚ) орналастырылады, ал оның құжаттары кеден органына табыс етіледі. УСҚ-да автокөлік кедендік тазарту рәсімі аяқталғанға дейін тұрады және екі айға дейін сақтала алады. Көлік иесінің өтініші бойынша сақталу мерзімі тағы екі айға ұзартылуы мүмкін.

Автокөліктің УСҚ-да сақталу мерзімі аяқталғанға дейін оның иесі немесе уәкілетті тұлға, автокөлікті кедендік рәсімдеу үшін, Мағлұмдама және барлық оған қосалқы құжаттарды тапсыруы тиіс. Автокөліктің УСҚ-да болуы ақылы түрде жүзеге асырылады, сондықтан құжаттар мәселесін көпке созудың қажеті жоқ.

...