0 дауыс
797 көрілді
Кедендік рәсімдеудің қандай жолдары бар?

1 жауап

0 дауыс

Автокөлікті Қазақстан Республикасы аумағына әкеле отырып, оның иесі мағлұмдаманың екі нысанының бірін таңдауға құқылы.

Бірінші нысан кедендік жүк мағлұмдамасын (КЖМ) толтыру арқылы рәсімдеуді көздейді. Бұл жағдайда көлік иесі кеден делдалымен шарт жасасуы керек, өйткені КЖМ-ны толтыру қызметтің лицензияланатын түрі болып табылады. Делдалдың КЖМ-ны толтыру бойынша жұмысына төленетін ақының мөлшерлемесі 30-50 еуроның айналасында. КЖМ бойынша мағлұмдау кезінде кедендік баж салығының есебі Кеден одағы елдеріне арналған Бірыңғай кеден тарифының негізінде есептеледі, баж салығынан басқа көлік иесі, сондай-ақ, автокөліктің жиынтық құнынан (автокөлік құнының сомасы, жеткізілімге, кеденнен өткізу мен рәсімдеуге шығатын шығындар) есептелетін 12 % мөлшерінде ҚҚС төлеуі керек.

КЖМ бойынша кеден төлемдерінің есебі былайша жүргізіледі:

автокөліктің құны мен шығарылған жылының негізінде;
қозғалтқыштың көлемі мен шығарылған жылының негізінде.

Төлемге кеден төлемдерінің сомасы көбірек шыққан нұсқасы алынады.

ҚР ҚМ Кедендік бақылау комитетінің www.customs.kz сайтында КЖМ бойынша жеңіл автокөлік құралдарының кедендік төлемдерін шамамен есептеу калькуляторы бар (бірыңғай кедендік тариф 2012 жылғы 16 шілдедегі«Белорусь Республикасы мен Қазақстан Республикасының Кеден одағының Бірыңғай кедендік тарифінің мөлшерелемелерінен өзгеше кедендік әкелім бажының мөлшерлемесін жекелеген тауарлар категориясына қатысты қолдануы туралы» №55 шешіміне сәйкес есептеледі).

Екінші нысан мағлұмдаудың Кеденнің кіріс ордерін толтырып, Жиынтық кедендік төлемді (ККО) өтеу арқылы орындалатын жеңілдетілген нысаны болып табылады. Мағлұмдаудың мұндай тәсілі кезінде көлік иесі барлық құжаттарды өз бетінше толтыруға құқылы. ККО бойынша бір жиынтық төлем есептеледі, сонымен қатар ҚҚС төлеудің енді қажеті жоқ (жиынтық төлем жеке тұлғалардың кеден одағының кеден шекарасы арқылы жеке қолданыстағы тауарларды алып өтуі мен олардың шығарылуына байланысты кеден операцияларын жүргізуінің тәртібі туралы Келісімнің №5 Қосымшасына (2010 жылғы18 маусымдағы) сәйкес есептеледі).

№1 Үлгі

Мағлұмдаудың екі түрлі әдісін қолдана отырып, кеден төлемдерінің жобалы есебі бойынша үлгіні қарастырайық. Сатып алушы Германиядан 20000 еуроға 2011 жылы шыққан, қозғалтқышының көлемі 3500 текше сантиметр «Тойота Хайлендер» сатып алды делік. Жеткізілім құны 1200 еуроны құрайды.

КЖМ бойынша есеп мынаны көрсетеді: кедендік әкелім бажының мөлшерлемесі 35% болады, бірақ 1 текше саниметріне 2.8 еуродан кем емес, яғни 20000*35%=7000 еуро, бірақ кемінде 2.8.*3500=9800 еуро. Кеден бажы түріндегі төлемге 9800 еуро мөлшеріндегі екінші сома төленеді. Акцизді де осылай төлеуге тура келеді, өйткені қозғалтқыш көлемі 3000 текше сантиметрден үлкен болғандықтан, акциз 1 текше сантиметрге 100 тг. тарифының негізінде есептеледі, бұдан шығатыны 100*3500=350000 тг. немесе 1750 еуро. Кедендік рәсімдеуге 60 еуролық төлем жүреді. Енді ҚҚС-ны есептеу қажет - (20000+1200+7000+1750+60)*12%=3937,2 еуро.

Нәтижесінде кедендік тазарту 15547,2 еуроны құрайды. Сонымен қатар мұнда делдалдың ілеспе қызметтерін қосу керек, олар 50 еуроның айналасында болады. Түпкілікті болжалды құны 15597,2 еуро болып шығады.

ККО бойынша есеп әлдеқайда қарапайым. Бірыңғай кеден мөлшерлемесі кедендік құнының 48% құрайды, бірақ қозғалтқыш көлемінің 1 текше сантиметріне кемінде 5,5 еуро болуы тиіс. Сонымен, 20000*48%=9600, бірақ 5,5*3500=19250-ден кем емес. Төлемге екінші сома алынады және оған 60 еуро мөлшеріндегі кедендік рәсімдеу алымын қосу керек. Сонымен ККО бойынша кеден төлемдерінің сомасы 19310 еуроны құрайды.

№2 Үлгі

Сатып алушы Германиядан 10000 еуроға 2010 жылы шыққан көлемі 1400 текше сантиметрлік «Шкода Йети» сатып алды, жеткізілімге шыққан шығын 1200 еуроны құрады.

КЖМ бойынша кеден төлемдерінің есебі. Кеден баждарының мөлшерлемесі 35% -ды құрайды, бірақ 1 текше сантиметріне 1,45 еуродан кем емес, яғни 10000*35%=3500, бірақ кемінде 1,45*1400=2030. Төлемге 3500 еуроны құрайтын алғашқы сома жүреді. Осылайша, кедендік рәсімдеу үшін 60 еуро және жиынтық құнның 12%-ын құрайтын ҚҚС, яғни (10000+1200+3500+60)*12%=1771,2 еуро. Нәтижесінде төлемдердің жалпы құны 5271,2 еуро және делдал жұмысының өтемі 50 еуро.

Ережеге сәйкес қозғалтқышының көлемі 1500 текше сантиметрді құрайтын 3 жылдан 5 жылға дейінгі автокөлікке ККО бойынша бірыңғай жиынтық төлем есебі үшін 1 текше сантиметріне 1.7 еуро мөлшерлемесі қолданылады, бұдан шығатыны: 1.7*1400=2380 еуро. Кедендік рәсімдеуге алынатын алымның құны 60 еуроны құрайды, нәтижесінде ККО бойынша төлемдердің жалпы құны - 2440 еуро.

Жоғарыда келтірілген үлгілерге сүйене отырып, әкелінген автокөліктің кедендік мағлұмдауын жүргізудің қандай да бір тәсілін таңдауға болады, олар автокөлік қозғалтқышының көлемі мен шығарылған жылына тікелей байланысты.

...