+4 дауыс
536 көрілді

1 қыркүйек Қазақстанда Білім күні аталып өтуде, бүгін мектеп партасына 2,6 млн астам оқушы отырады, олардың 277 мыңы алғаш мектеп табалдырығын аттағандар.

Білім және ғылым Министрлігінің хабарлауынша, жаңа оқу жылында Қазақстанда барлығы 76 жаңа мектеп есігін ашты.

Жаңа оқу жылы қарсаңында ОҚҚ брифингінде сөз сөйлеген білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіпов: «Алдағы 2014/2015 оқу жылдары қосымша тағы 153 жаңа мектеп қолданысқа беріледі. Олардың жартысынан көп бөлігі – 73 мектеп республикалық бюджет есебіне салынған. Оқу жылының ішінде берілетін қосымша салынған 153 мектептің ішінде, 60-ы – ескі мектептердің орнына салынса, 12-сі – үш ауысымдық мектептерді оңтайландыруға қарастырылған», - деген болатын.

Білім және ғылым Министрлігінің мәліметтеріне сүйенсек, 2013-2014 оқу жылдары мектепке дейін білім беру ұйымдары 384 данаға өскен (294 балабақша, 89 кішігірім орталықтар). Бұл 1 жас пен 6 жас аралықтағы 49% баланы қамтуға мүмкіндік берген; 3 пен 6 жас аралықтағы – 73%.

 

p.s. 

https://www.facebook.com/photo.php?fbid=563065707150199&set=a.494528060670631.1073741825.100003403233694&type=1&relevant_count=1

Оңтүстік Қазақстан облысында 1 қыркүйекте жаңа 21 мектептiң (Сарыағаш ауданында − 6, Шымкент қаласында − 5, Төле би ауданында − 3, Бәйдібек ауданында − 2, Сайрам ауданында − 1, Мақтарал ауданында − 1, Түркістан қаласында − 1, Отырар ауданында − 1, Ордабасы ауданында − 1) құрылысы аяқталып, ел игілігіне тапсырылды. Жалпы биыл облыстағы 1022 мектепте 576918 оқушы білім алады. Соның ішінде 66259 оқушы мектеп табалдырығын алғаш рет аттағалы отыр. 
2014 жылы облыста 113 білім нысанының құрылысы қолға алынды. Оның ішінде өңірде ғимараты апатты деп танылған 48 мектептің 32-сінде құрылыс жұмыстары жүргізілді. Жыл соңына дейін 25 мектеп пен 10 балабақшаның, 7 өзге де білім беру ұйымдарының құрылысы аяқталып, пайдалануға беріледі.
Биыл өңірдегі 789 мектеп ағымдағы жөндеуден өтті.
Мемлекеттік қолдау мен ұстаздардың ерен еңбегінің нәтижесінде өткен оқу жылы ҰБТ-дан 2 оқушы − 125, 11 оқушы − 123 бал алса, 2370 түлек 100 балдан жоғары жинады. ҰБТ қорытындысы бойынша облыстың орта балы 74,5 құрап, «Алтын белгі» иегерлерінің саны 436-ға жетті.
Сондай-ақ, 700-ден астам оқушы халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жоба жарыстарына қатысып, жеңіс тұғырынан көрінді. Жалпы білім беретін пәндер бойынша ұйымдастырылған республикалық олимпиадада І орынды алып, «Ең үздік олимпиадалық команда-2014» атағына лайық деп танылды. Республикалық «КАТЕV» қазақ тілі олимпиадаларында екінші рет І орынды, екі жылда бір рет ұйымдастырылатын республикалық жазғы спартакиадада оңтүстікқазақстандық оқушылар І орынды жеңіп алды.

2 жауап

+3 дауыс
Мектеп оқушыларының білім деңгейлері мен мектептердің материалдық-техникалық базаларының жылдан-жылға жақсарып келе жатқаны бәрімізді де қуантады. Мектеп оқушылары мен олардың ұстаздарына жаңа оқу жылы сәтті аяқталсын деген тілектемін!
Мені қуантып жатқаны жылдан-жылға мектеп табалдырығын аттап көптеп бүлдіршіндердің баруы. Биылдың өзінде ОҚО-нан мектеп табылдырығын 66259 оқушы аттайды екен. Қуанарлық жағдай.
Жалпы Қазақстанда 300-мыңға жуық оқушы 1 сыныпқа бармақ.
0 дауыс
Сайт әкімшілігі және қолданушылар! Барлықтарыңызды білім күнімен құттықтай отыра: білімнің биік шыңына талмай қанат қағуларыңызға тілектеспін. Мемлекеттіміздің сенімді серік артар айбынды азаматтары мен азаматшалары болуларыңызға тілектеспін. Білімнің шыңына жете беріңіздер!
...