+1 дауыс
2.2k көрілді
Тиым, яғни жаман нәрседен тиылу. Бұл түсiнiктi. Ал ырым ше?

6 жауап

–1 дауыс
егер казагымнын ырымымен журе берсен кошеде журе алмайсын бирак ырымга амал кылмау да дурыс емес
0 дауыс
Ырымдар көп. Мысалы, түсіңде адам нәжісін көрсең, ақша келеді, сол алақаның қышыса ақша аласың, оң алақаның қышыса біреумен амандасасың, аулаңа сауысқан келіп шықылықтаса қонақ келеді деген сияқты. Орыстарда қара мысық, таға туралы белгілі ырымдар бар. Ал тиым дегеніміз істеуге болмайтын әрекеттер: есікті керме, отқа түкірме, түнде тырнақ алма, малды теппе деген сияқты.
0 дауыс
Түнде тырнақ алма деген ырымға тоқталып отсем. Қазақтар киіз үйелр де тұрған ғой. Қазіргідей жарық (электричество) деген болмаған. Сондықтан қараңғыда тырнақ алып отырып түбін алып жібермесін деп, тыйып тастаған. Ал құранда түнде тырнақ алуға болмайды деген жоқ. Қазіргі заманда ала беруге болады. Негізі ырым өз дәуірінде ғана қолданылады, ал кейінгі ұрпақ оны дұрыс түсінбеуі салдарынан әртүрлі түсініспеушіліктер орын алады. Ырымға сенгеннен Аллаға сенген абзалырақ
0 дауыс
Өз сұрағыма өзiм жауап берiп көрейiн. Тиым, яғни жаман нәрседен тиылу. Бұл түсiнiктi. Ал ырым жайлы менiң түсiнгенiм бұл осы жаман нәрселерден тиылу мақсатында негiзделген дүние сияқты. Ескерту десекте болатын шығар.
0 дауыс
Ырымдар -жеке адамның немесе қауымның жору, болжау арқылы орындауға тиісті ережелері. Бұлар ғасырлар бойы қалыптасқан. http://e-history.kz/kz/publications/view/760
0 дауыс
Ырым деген жаман нәрсеге болмаудың алдын алу деуге болады,ал тиым ол рұқсат емес тиым жасау деген мағынада яғни екеуіде жаман әдетке апарудың алдын алу Мысалы түнде айнаға қарама?,босағада тұрма?Біреудің алдында себепсіз күлме?деген сияқты тіпті қызға қырық үйден тиым деген сөзде бар екен.)
...