+5 дауыс
898 көрілді
Нелiктен мектептерде биржа, ақша табу жолдары, ақшаны қалай табамыз, қалай жұмсау керек, валюта, актив-пассив айырмашылығы, жалпы айтқанда финанс жағынан бiлiм берiлмейдi, неге сабақ-пән жоқ бұлар жайлы? Мысалы айтқанда өмiрiмiзге қатты қажет болады деп ойлайсыздарма судың формуласы Н2О? Ал ақша керек әрдайым, ақшасыз ештеңе көзге көрiнбейдi, оны жоққа шығара алмаймыз. Олай болса финанс жағынан неге сабақ берiлмейдi, өмiрiмiзге ең қажетте нәрсе бола тұрып?

5 жауап

0 дауыс
Бар ғой "қаржы-экономика" деген пән, бірақ оның өзінде жақсы сабақ өтпейді мұғалімдер.
0 дауыс
Содан басқа да сабақтарды жақсы оқысаң, демек бiлiмдi болғаның. Ал бiлiмдi адам өз нанын өзi тауып жей алады. Яғни өзiне қажеттi бар жағдайды жасай алады.
0 дауыс
Ондай сабақтарды университетте өтеді. "Экономика и организация производства" деген сияқты пәндерде. Судың және басқа заттардың формулалары, олардың молекулалық массалары деген сияқты ұғымдар химиктерге, биологтарға, медиктерге, т.б. қажет.
+1 дауыс
Әлі пісіп жетілмеген, алға мақсат қоймаған мектептегі балаға ақша туралы сабақ өтудің керегі жоқ деп ойлаймын. Өмірге ең қажетті нәрсе - ақша деу де қате түсінік. 11 сыныпта экономика сабағы болды. Сонда реклама, маркетингтің қалай жұмыс жасайтыны, "ақша деген не? оны қалай жүмсау керек" т.с.с тақырыптар қарастырылды. Ал тереңірек білім алу ЖОО қарастырылған.

H2O-ға келер болсақ, мектепте үйретілетін сабақтар, ақпараттар жоқтан пайда болған жоқ. Кішкентай бала Жер тегіс пе? Ай алыста ма? Су неге мөлдір? Құмырсқа неге түзу жүрмейді? Оңтүстік пен Солтүстікті қалай ажыратады? деген сұрақтарға жауап іздейді ғой. Жауап ала келе жаңа сұрақтар пайда болады, Теледидар қалай жұмыс істейді? Оған ток қайдан келіп жатыр? Ұлттар қалай пайда болған? Бірнеше тонна темір аспанға қалай көтеріледі? т.с.с Осылар арқылы әд бала өз қызығушылығына қарай өз жолын таңдайды, біреу дәрігер, біреу программист, біреу инженер болатыны да сондықтан. Мектеп тек өмірдің жалпы қырларын көрсетеді. Оқушылардың барлығы бизнесмен болғысы келмейді ғой, әйтпесе суретші, дәрігер, тарихшы, химик дегендер болмас еді. Рас, қаржылық білім де керек, оны тек  11 сыныпта Экономика пәнінде қарастырады,

Айта берсең мысал көп, бір сәт өзің де ойланып көр.
Мысал: Інің не қарындасың келіп "Аспан неге көк?" десе, қалай жауап берер едің?
Айналайын-ау аспаның не қатысы бар бұл сұрақтарға.
 Суретші, дәрігер, тарихшы, химик болу үшiн, бұл армандарың орындалу үшiн не қажет? Ақшасыз қалай оқуға түспек, мейлi грант болсын, кейiн жұмысқа қалай тұрмақ ақшасыз, бiреу барып отырғызып қоймайды ғой? Дұрыс барiнiң бизнесмен болғысы келмейтiн шығар демекшi, бәрiнiң суретші, дәрігер, тарихшы, химикта болғысы келмейдi... Әлі пісіп жетілмеген, алға мақсат қоймаған балаға химия, шет-тiлi, биология, алгебра, геометрия-ларды үйрету оңай ма? Оңай сабақ жоқ балаға. Бизнесмендер көбейсе адамдарға жұмыс табылады, биология, алгебра, геометрия-ларды оқып қарапайым халыққа жұмыс тауып беруi екi талай, өйткенi өзiдерiде әрең дегенде жұмыс тапқанында, одада тапса...
Бизнесмен болуға қарсылығым жоқ, мәселе мектептегі сабақ жайында болып тұр ғой. *Мысалы айтқанда өмiрiмiзге қатты қажет болады деп ойлайсыздарма судың формуласы Н2О?* дегеннен шықты ойлар. Бизнесмен болам деушілерге жоғарғы оқу орындары бар. Ешқандай кедергі жоқ. Ал мектепте жалпы білім алғаны дұрыс. Рас, оңай емес, бірақ пайдасы тиіп жатқанын жоққа шығара алмайсыз. Оңай емес екенін түсінгендер ұстаз мамандығына құрметпен қарапт жатқан жоқ па. Өз басым оқуға ақшасыз түстім. Жұмысқа тұру үшін де ақша бергім жоқ. Баста білім болса, ақшасыз *тесіп шығуға* болады.
Сіздің ойыңызды жақсы түсіндім, алаңдауыңыз орынды.Екінші жағынан ойлап қараңызшы,егер мектепте сурет,тарих,алгебра, химия, физика болмаса, тек ақша жайлы үйретсе не болады? Сол физика мен химияны үйренгендер 3Д принтер ойлап тауып бизнес жасап жатқан жоқ па? Тағы да қайталаймын мектеп тек әртүрлі бағыттардың бар екенін көрсетеді. Сауатын ашады.
Тағы бір мысал, сіз бизнесменсіз, үйіңізге ремонт жасайын деп жатырсыз. Геометрияны мектепте керегі болмайды ғой деп оқымағансыз, сондықтан құрылысшылар сізді алдап есептеуді 2-3 есе артығымен жүргізсе, бизнес жасап тапқан ақшаңызды бере салмақсыз ба? Көлігіңіз лайға тығылып қалды делік, айдалада жалғыз өзіңіз. Бизнесмен физиканы білсе бір өзі-ақ алып шығар еді. Адасып кетсеңіз географияның пайдасы тимей ме? Ал оның бәрін қайдан біледі, егер мектепте бизнесмен болуды ғана үйретсе, *балаға химия, шет-тiлi, биология, алгебра, геометрия-ларды үйрету оңай ма* деп.
Негізі мектепте сабақтар дұрыс өтілмегендіктен осындай ой пайда болады. Барлығы тек теория жүзінде. Егер барлығын практика жүзінде және өмірдің қай кезінде керек болатынын мұғалімдер түсіндіргенде, білімге деген қызығушылық әлдеқайда жоғары болар еді.
P.S Қазіргі позицияғызға разымын! Әлі де тереңірек қазбалайтынызға, ойыңыз өзгеретініне сенемін.
+1 дауыс

Біздің білім беру жүйеміз бұрынғымен салыстырғанда нашарлап қалды. Қазір тамыр-таныс, сыбайлас жемқорлық деген нәрселер көбейіп кетті. Танысың болмаса жұмысқа кіру қиындау, басқа біреу кіргізсе ақша қыстырасың. Білім алуға келсекте осылай. Қазіргі бізге ата-анамыздың 11 жыл мектеп бітіріп, 4 жыл ЖОО оқып диплом алып ақша табу деген ақылы ескіріп қалғандай. Себебі қызыл диплом алып жұмыссыз жүргендер мен 2 дипломы бар адамдардың басқа салада қарапайым жұмысшы болып істеп жүргендері бар.

Білімді керек емес демеймін, білім өзің үшін керек! Білім жолына түсіп ерінбей оқысаң жетістікке жете аласың! Сондықтанда білім керек емес деп айта көрме, тек өзіңе керекті нәрсені ал!

Математика мен Қазақ тілін дұрыс үйрете алмай жатырғанда ақша тауып, бизнес құру жайлы білімді мектепте ешқашанда бермейді. Өзің ғана ізденіп жетістікке жетесің!

Қазіргі білім беру жүйесін бір ғана суретпен көрсетейін:

Осы суретке ырза болдым!

Ұқсас сұрақтар

0 дауыс
1 жауап
Белгісіз 16.09.2015 Қаражат, Ақша сұрақ қойды
...