0 дауыс
555 көрілді
Жеке тұлғаға жылжымайтын мүліктің болмауы (болуы) туралы анықтама беру

1 жауап

0 дауыс
Бұл анықтама/хабарлама/үзінді жазба не үшін беріледі?
пәтер алу кезінде Мемлекеттік бағдарламалар, жалға алу тұрғын үйінің бағдарламасы, ЕДБ бағдарламалары үшін т.б. беріледі
 
«Сұраным өңдеуге техникалық себептер бойынша берілген жоқ. Өз сұранымыңызды кейін жіберуіңізді сұраймыз» қателігі
Сұранымды тіркеу және ЖТ МДҚ-на жолдау қажет

«Құқықиеленуші» бағанында меншік иесінің деректері берілмеген
Тіркеу қызметі және халыққа құқықтық көмек көрсету комитетінің хататмалық тапсырмасының негізінде «электрондық үкімет» порталының пайдаланушыларына өтініш берушіге тиесілі емес жылжымайтын мүлік объектісіне тіркелген құқықтар туралы анықтамаға сұрау салу кезінде анықтаманың «тіркелген құқық» тарауында «Құқықиеленуші» бағанында меншік иесінің деректері құқық иеленушінің жеке деректерін (ТАӘ, туған күні) қорғау мақсатында көрсетілмейді.

Жеке тұлғаға жылжымайтын мүліктің болмауы (болуы) туралы анықтаманың қолданыста болу мерзімі
Анықтаманың қолданыста болу мерзімі бір күнтізбелік күн

Пайдаланушының атында оған тиесілі емес жылжымайтын мүлік объектісі тіркелген
Бұл қателік ТАӘ-сы осындай, ЖСН жоқ пайдаланушының бар екенін білдіреді.

Пайдаланушы осындай сұраныммен тұратын жері бойынша Әділет департаментіне өтініш білдіруі тиіс, бұдан кейін аталған Әділет департаменті жылжымайтын мүлік объектісінің тіркелу жері бойынша орналасқан Әділет департаментіне ТАӘ ұқсас пайдаланушыға ЖСН тағайындау туралы сұраным жолдауы тиіс. ТАӘ бірдей пайдаланушыға ЖСН тағайындалғаннан аталған проблема жойылады.
...