Көбінесе жасы жетпей-ақ адамдардың ашшына ақ түсе бастайды. Мұның себебі бірнешеу болуы мүмкін.
Жастардың шашының ағаруы қарттардікіне ұқсамайды. Қарттардағы бұл процесс - табиғи функциялық шегіну сипатындағы физиологиялық өзгеріс. Ал жастардың шашының ағаруы тұқым қуудан болуы мүмкін. Ондай адамдардың ата-анасы немесе ата-әжелері ерте шаш ағару дертіне шалдыққан болуы ғажап емес. Егер мұндай тұқым қуу факторы жоқ болса, онда бұл - кейін пайда болған «шаш ауруы». Шаш ағару ауруының себептері тым күрделі болып келеді. Мысалы, альбинизммен ауыратын адамдарда бұл құбылыс көп кездеседі.Немесе қоректенудің нашарлығы, көңіл-күйдің орнықсыздығы, жиі жабырқау, үмітсізденіп қамығу себебінен болуы мүмкін. Шаштың табиғи түрде ағаруы, әдетте 40 жастан соң басталады. Ал жастар арасындағы бұл құбылыс көбіне 20 жас айналасында орын алады. Шаштың түсі меланиндердің аз бөлінуінен (қара пигменттер) себебінен қарайып тұратындығын айта кетелік. Пигмент құрамы мол болған сайын шаштың өңі де қанық келеді. Егер пигменттің қалыптасу барысы кедергіге ұшыраса онда сіздің жас шамаңызға қарамай, шашыңыз ағарып кетеді. Меланин пигменті шашымызға түс береді.
Шашқа ерте ақ түсу себептері мыналар жоғарыдағылардан басқа тағы да мыналар болуы мүмкін: жиі күйзеліс, бұрыс тамақтану, зиянды әдеттер, т.с.с.
Ақ шаш санының азаюына мына кеңестер көмектеседі:
Көбірек жалаңаяқ жүріңіз.
Табиғи шырындарды көбірек ішіңіз.
Дәрумендер қабылдауды бастаңыз.
Құрамы йодқа бай, тамақ жеңіз.
Тұшала жеңіз.
Ванна қабылдардан бір сағат бұрын шашқа қына жағыңыз, ол ақ шаш санын азайтады.
Пайдалы шөптер мен дәмдеуіштер пайдаланыңыз.
Алоэ вера тұнбасымен шашты уқалаңыз.
Шашқа пайдалы маскалар жағыңыз.
Күйзелістен қашыңыз.
Зиянды әдеттен аулақ болыңыз.
Сонымен қатар HAIR GO STRAIGHT, Joico және l’Occitane брендтері шаш күтімдеріне көмектеседі (аталмыш шаш күтімдерін строуберринет онлайн дүкенінен алуға болады):
Кеңестер:
Әрине, дәрігерге қаралғаннан артық ештеңе жоқ. Бірақ төмендегі халық емін пайдаланып көріңіз.Төменде көрсетілген бірнеше тұнбаны қолданып көріңіз және міндетті түрде тамақ мәзіріне бал, сиыр еті, ашытқы қосылған тағамдар, бұршақ, жұмыртқа қосыңыз.
* Ақжелкен (петрушка) мен иісті желкенді (сельдерей) шырғанақ (облепиха) майына араластырып, шаш түбіне жағыңыз.
* Шаш түсіп қалмас үшін аптасына бір рет өсімдік майымен сылап тұру керек. Түйeошаған (репейный) және шабдалы майымен сылау жақсы нәтиже береді.
* 1 ас қасық балшытыр (медуница) шөбіне 1 стакан ыстық су құйыңыз да, біршама уақыттан соң сүзіп алып, тұнбаны шаш түбіне ысқылап жағыңыз.
* 2 ас қасық итмұрынға 1 стакан қайнаған су құйып, 15 минуттан соң сүзіп алып, тұнбаны шаш түбіне ысқылап жағыңыз, ол шашты қатайтады.
* Адамтамыр (женьшень — Қиыр Шығыста өсетін, Қытай медицинасында тамыр дәрі есебінде қолданылатын өсімдік) тамырынан тұнба дайындаңыз. 10 грамм тамырға 200 мл су қажет. Тұнбаны басты жууға қолданыңыз.
* Ерте ақ шаш түскенде шаштың түбіне шие, таңқурай (малина), қара бүлдірген(ежевика), сәбіз шырынын жағыңыз.