0 дауыс
947 көрілді
Жас болғанына қарамастан, басымда 2 - 3 тал ақ шаш пайда болыпты. Себебі неде?

6 жауап

0 дауыс
себебі саған түрлі витаминдер жетіспейді немесе көп ойланганнан
0 дауыс
Ағзаңызға дәрумендер,органикалық заттар жетіспейді.Немесе тұқым қуалаушылықтан да болуы мүмкін.Немесе дәрігерге қаралығыз.төмендегі халық емін пайдаланып көріңіз.Төменде көрсетілген бірнеше тұнбаны қолданып көріңіз және міндетті түрде тамақ мәзіріне бал, сиыр еті, ашытқы қосылған тағамдар, бұршақ, жұмыртқа қосыңыз.* Ақжелкен (петрушка) мен иісті желкенді (сельдерей) шырғанақ (облепиха) майына араластырып, шаш түбіне жағыңыз.* Шаш түсіп қалмас үшін аптасына бір рет өсімдік майымен сылап тұру керек. Түйeошаған (репейный) және шабдалы майымен сылау жақсы нәтиже береді.* 1 ас қасық балшытыр (медуница) шөбіне 1 стакан ыстық су құйыңыз да, біршама уақыттан соң сүзіп алып, тұнбаны шаш түбіне ысқылап жағыңыз.* 2 ас қасық итмұрынға 1 стакан қайнаған су құйып, 15 минуттан соң сүзіп алып, тұнбаны шаш түбіне ысқылап жағыңыз, ол шашты қатайтады.* Адамтамыр (женьшень — Қиыр Шығыста өсетін, Қытаймедицинасында тамыр дәрі есебінде қолданылатын өсімдік) тамырынан тұнба дайындаңыз. 10 грамм тамырға 200 мл су қажет. Тұнбаны басты жууға қолданыңыз.* Ерте ақ шаш түскенде шаштың түбіне шие, таңқурай (малина), қара бүлдірген(ежевика), сәбіз шырынын жағыңыз.
0 дауыс
Көп ойланып, мұңданып жүргеннен ақ шаш пайда болады. Көп ойлана бермеу керек, әр нәрсені жүрекке жақын алмау қажет, өмірің, тамақтануың бір қалыпты болуы керек. Және мына жауапты оқып көр.
0 дауыс
Жастардың шашының ағаруы қарттардікіне ұқсамайды.Қарттардағы бұл процесс - табиғи функциялық шегіну сипатындағы физиологиялық өзгеріс. Ал жастардың шашының ағаруы тұқым қуудан болуы мүмкін. Ондай адамдардың ата-анасы немесе ата-әжелері ерте шаш ағару дертіне шалдыққан болуы ғажап емес. Егер мұндай тұқым қуу факторы жоқ болса, онда бұл - кейін пайда болған «шаш ауруы». Шаш ағару ауруының себептері тым күрделі болып келеді. Мысалыалбинизммен ауыратын адамдарда бұл құбылыс көп кездеседі.Немесе қоректенудің нашарлығы, көңіл-күйдің орнықсыздығы, жиі жабырқау, үмітсізденіп қамығу себебінен болуы мүмкін. Шаштың табиғи түрде ағаруы, әдетте 40 жастан соң басталады. Ал жастар арасындағы бұл құбылыс көбіне 20 жас айналасында орын алады. Шаштың түсі меланиндердің (қара пигменттер) себебінен қарайып тұратындығын айта кетелік. Пигмент құрамы мол болған сайын шаштың өңі де қанық келеді. Егер пигменттің қалыптасу барысы кедергіге ұшыраса онда сіздің жас шамаңызға қарамай, шашыңыз ағарып кетеді.
0 дауыс
Өмірде көп қиыншылық көруден немесе денсаулықта бір кінәраттың болуынан шаш ағарады.
0 дауыс
Жасыңа қарамай Қарттық та келіп қалад!
Сен осы (кейде) аздап қуып кетесің.
е жазбасан да болады ғо !
Белгісіз
Жазып тұрмғо, соооллл))
...