0 дауыс
617 көрілді
Алдағы уақытта мектептерде мүгедек балалармен қалыпты балаларды бірге оқыту жоспарлануда, біздің қоғам, ұстаздар, оқушылар, ата-аналар дайын ба? Сіз қалай қабылдайсыз?

3 жауап

+5 дауыс
Біз оқушылар қауымы оған қарсы емеспіз, бірақ кейбір түсінігі таяз оқушылар кемсітіп ол балалардың кеудесінен итермесе болғаны. Мүгедек балдар мектепке барарда дәрігерлік консультациялық тексеруден өтуі тиіс, оларды үйден де оқытады (үйде оқыту тегін). Сіз ақыл немесе кеңес деп ойламаныз бұл жәй ғана пікір.
Пікірің орынды. Сол үйден білім алатын балаларды да қоғамға қосу, біздің ортада өздерін қалыпты балалардай еркін ұстауға бейімдеу көзделуде.
+5 дауыс
Әрине дайынбыз. Адам болғасын бәрімміздің құқығымыз бір. Сондықтан кемсітудің қажетті жоқ. Күлме келер басыңа дейді.
+1 дауыс
Дені сау қалыпты балалар түрлі нәрселерге қол жеткізе алады. Мүгедек балалар сырттан қарағанда дәрменсіз, рухсыз болып көрінеді, бірақ олардың жан дүниесінде оқуға деген құштарлық, рух, жігер, қайрат бар. Оларды кемсітпей, оларды жігерлендірсек олардың қалыпты балалармен тең болары сөзсіз сенемін.
...