+2 дауыс
7.6k көрілді

9 жауап

+6 дауыс
 
Жақсы жауап
Тұмар қалай көмектеседі?!
 Бойтұмардың (Талисман, амулет, апотропей, оберег) қай дін, сенім-наным болмасын, бәле жәледен, сәтсіздіктен, көз бен тілден сақтайтын, қуат беретін күші бар деп сенеміз. Алайда, шын мәнінде бір қағаз, біртүйір мал сиіп тастаған топырақ, не тасбақаның боғы ешқандай күшке ие емес. Оған күш беретін біздің санамыз.
 Яғни адам қиналған кезінде әлдебір сыртқы күштерге сүйенгісі келеді.
 Мәселен экзаменде бес алған көйлегім маған басқа экзамендерде немесе жұмысқа алғаш тұрғанымда көмектескендей болды. Бірақ Дружба зауыты ол көйлекті шығарғанда, «осы Гастекең сабақтан құламасын, кіл беспен оқысын, сүф-сүф», деп оқытып берген жоқ. Жәй, психологиялы тұрғыда, сол көйлекті кигенде, сана түбі деңгейінде менің бойыма сонау алғашқы емтихан кезіндегі өз күшіме деген сенімділік, жоғары көңіл күй ұялайды.
 Ал өздерің білетіндей, жүрегінде әлденеге сенімділік, жоғары көңіл күйдегі адамның миы да, тән құрылысы да ойы шашыраңқы, үмітсіз, сасқалақтаған адамға қарағанда қарқынды жұмыс жасайды.

 Кез келген тұмар, талисмандар тап осы принциппен жұмыс жасайды деп ойлаймын.
 Әлбетте мен тұмар мен талисман тақпау керек дегенім емес.
 Егер сіз өзіңіз соған сенсеңіз тағыңыз, неғұрлым берік сенсеңіз, соғұрлым көмегі де зор болады. Бірақ есіңізде болсын, мұның механизмінде сырттан келген әлдебір сиқырлы таңғажайып күш емес, өзіңіздің ішкі ресурстарыңыздың оянуы жатыр. Және оған себеп болған тітіркендіргішке қаншалықты мән берсеңіз, ол соншалықты күшке ие болады.
 Әрине компьютеріңізді қанша оқытып, дем салдыртып, тұмар тақсаңызда, антивирус орнатпай өзіңізді қажетті дәрежеде қауіпсіз сезіне алмайсыз.
[дереккөз][1]


  [1]: http://www.kerekinfo.kz/blog/2259.html
Тамаша салқынқанды,сауатты жауап.
керекшілер жазған дереккөзден оқып көрсеңіз болады оригиналын
Жақсы жауап! өте дұрыс айтылған +1 балл ғана екен мен +5 қойар едім бірден болса)
+3 дауыс
Көзмоншақты-тіл көз өтпеу ушін тағады. Бойтұмарды әр түрлі мақсатта тағады.
ондай принцип қайдан шыққан, мен сол жайлы білгім келген сіз соны маған тармақтап түсіндіре кетсеңіз?
+3 дауыс
Қуған движение ғой оның барлығы... тақпай ақ қой...
жоға, мен тағам деген жопын ғо, неге тағады деп едім заводтан шығарып жатқанда оларды оқытып қоймайды ғо мына баланы бәле-жаладан сақтасын деп және де сол көзмоншақтарға адам қатты сеніп энергия алады көзмоншақ. мысалы: компьютерде антивирус болмаса вирус кіре береді, вирус кірмеу үшін антивирус қондыру керек.
Қалай қуған движение?Мұсылман емессің бе! Тұмардың ішінде құран бар емес пе? Ол АЛЛАҒА серік қосқанға саналмайды.
[Сонда Тұмарға сену Аллаһқа серік қоспау ма?))))))))))) Тұмар тағып алып саған ештеңе болмайды деп жүресің бе сонда? немесе тұмар тақсаң басқаларына қарағанда Аллһқа жақын боласың ба? әлде тұмардың ішіндегі сүрелер саған көмектеседі ме? Тұмар деген 100% ширк.][1]
[1]: http://www.islam-kz.org/?p=1004
Кешір бауырым мүмкін сенің айтып тұрғаның дұрыс шығар! Бір-ақ сен осы ақпараттың теріс екендәгәне, бұрмаланған, мұсылманды жолдан тайдыру есебінде жасылған  деп ойламайсын ба?Жазылған нәрсеге сене беруге болмайлы ғой! Енді құранға сенбесек аллаға сенбегендік болып саналмай ма?Жәй жазушының жазған кітабы емес, алланың жерге түсірген кітабы емес пе?! Сен қалай ойлайсың?
Онда арабшаны оқы. кейін құран карімді оригиналында оқып шық. шындыққа жанасқан хадистерді (мысалы Аль-Бухаридің) оқысаң да болады.
Жарайды!ертең жолығармыз. Қайырлы түн
["Ислам дін бойынша сұрақтарың болса мына жерге қоюыңа болады"][1]-дейді осы жердің администраторлары
[1]: http://surak.kattani.kz/
+2 дауыс
Бұрынғы заманда баксы тәуіп балгерлер коп болған, сол заманнан калған дүниелер ол.
0 дауыс
козмоншак бойтумарлар тил козден сактану ушин...тагыладыгой!!!(арине бул оз оиым)
+4 дауыс
Ол моншақтар еш нәрседен қорғай алмайды.Пластмасса зат адамды қалай қорғайды түсінбеймін!!!
Көз моншақ туралы инеттен қарап көр-!сонда пікіріңді өзгертесің
+1 дауыс
Талисман, амулет тағу , соған мені сақтайды деп сену ширк күнәсыне жатады .яғни Аллаһ қа серік келтіру деген сөз. Соны білмегендер соган сеніп мені корғайды деп сенеді.бұл білімсіздіктін салдары. ібілістін ісі .
0 дауыс
Аркимнин оз ойы бар канша окырман сонша пикир оз басым хадисти куран каримди али окыган жокпын билип корип жургеним кишкене балага козмоншак я болмаса уки айтеуир адам козин аудартатын адеми жылтырактарды тагатынын билемин. Суганак коздер балага емес таккан сол козмоншакка немесе сол жылтыракка ауып кетсин дит
0 дауыс

Көз моншақ адамнын көзі соған түссін деп тағады. Көз тиу бұрыннан бар, со себепті адамнын көзін жылтырға бірінші түссе көзіөтпейді. Əжелеріміз айтып кеткен.

Ұқсас сұрақтар

...