+1 дауыс
8.9k көрілді
Мысалы басын оқытып тастаған, бұл кісіні молдаға оқыту керек деп жатады, ондай оқитын адамдар бар ма?

5 жауап

0 дауыс
 
Жақсы жауап
Қазақта дуа салу,дуалау деген бар,орысша айтқанда черная магия.Өмірде дуа салу оңай,оны қайтару өте қиын деседі.Дуаны өте қатты сауатты молдалар қайтаратын көрінеді.
ондай молдаларды кездестірдіңіз бе? Өз көзіңізбен көрдіңіз бе?
Өкінішке орай қазіргі кезде ондай сауатты молдалар жоқтың қасы.Біздің жақта Одақ кезінде Сибағат деген молда болғанын жергілікті адамдардың бәрі біледі,Ол кісі құранмен пері ұстаған деседі.Баратын жеріне, қызыл иті болған,соған мініп баратын көрінеді.Топырақтан арқан ескен деседі.Той-жиынға көлігімен алып кетейін деп шақыра барған адамды "Бара бер,өзім барам"деп қоя беретін көрінеді,ана кісі көлігімен келсе молдекең одан бұрын келіп отырады дейді.Міне сондай қатты сауатты молдалар жоқ қазіргі кезде.
+1 дауыс
Иа ондай адамдар бар.
0 дауыс
Адам психикасының біз білмейтін сырлары көп әлі. Кейбір дәрігерлер емдей алмаған ауруларды молдалар Құран аяттарымен емдеп жатады. Зікір арқылы емдейтіндер бар.
0 дауыс
Басы оқылып қалған адаммен сөйлесіп көрші  Нәрмәлні адамша сөйлесіп тұрса Басы дұрыс дееген сөз оның басын ешкім теппеген ешкім оқымаған!
0 дауыс
Ислам дінінде көз тию, дуалау, деген бар нәрсе. Сенің айтып тұрғаның жын кіру шығар. Бұлда ислам дінінде бар. Жын шайтандар 3 жағдайда адам ішіне еніп билік жүргізеді. Ол кезде сен ештеңе істей алмайсың. 1) қатты күлгенде, 2) қатты есінегенде, 3) қатты қорыққанда адам ішіне жын кіреді. Осындай жағдайда адамдарды молдаларға оқытады. Олар құран аятын оқығанда Аллаһтан нұр төгіледі. Сол нұрға шайтандар күйіп жана бастайды. Сонда олар қиналып адам денесінен шығады. Олар көбінесе лас жерлерде өмір сүреді. Дегенмен шайтандар намаз оқылмайтын әрбір үйде де жүре береді. Олардан сақтану үшін Фатиха, Ықылас, Нас, Фалақ сүрелерін кешеке,азанда оқып жүрсең саған зиянын тигізбейді. Және де молдалар қатты ауырған, көз тиген, жын кірген адамдарға да дем салып емдеп жазады. Ең ауыр күнә Тәуіп, балгерлерге пал аштыру. Аллаһқа серік қосу мен тең күнә. Қазіргі молдалар баяғы молдаларданда сауатты. Ең дұрысы бақсы балгерге барғанша, имамдарға барған дұрыс. Олар шариғат, ислами жолмен жасайды. Қазақстанда Алматы қаласында НұрМҮБӘРАК медреседе кез келген адамды оқитын Арман Қуанышбаев деген кісіні естуім бар.
...