Ислам дінінде көз тию, дуалау, деген бар нәрсе. Сенің айтып тұрғаның жын кіру шығар. Бұлда ислам дінінде бар. Жын шайтандар 3 жағдайда адам ішіне еніп билік жүргізеді. Ол кезде сен ештеңе істей алмайсың. 1) қатты күлгенде, 2) қатты есінегенде, 3) қатты қорыққанда адам ішіне жын кіреді. Осындай жағдайда адамдарды молдаларға оқытады. Олар құран аятын оқығанда Аллаһтан нұр төгіледі. Сол нұрға шайтандар күйіп жана бастайды. Сонда олар қиналып адам денесінен шығады. Олар көбінесе лас жерлерде өмір сүреді. Дегенмен шайтандар намаз оқылмайтын әрбір үйде де жүре береді. Олардан сақтану үшін Фатиха, Ықылас, Нас, Фалақ сүрелерін кешеке,азанда оқып жүрсең саған зиянын тигізбейді. Және де молдалар қатты ауырған, көз тиген, жын кірген адамдарға да дем салып емдеп жазады. Ең ауыр күнә Тәуіп, балгерлерге пал аштыру. Аллаһқа серік қосу мен тең күнә. Қазіргі молдалар баяғы молдаларданда сауатты. Ең дұрысы бақсы балгерге барғанша, имамдарға барған дұрыс. Олар шариғат, ислами жолмен жасайды. Қазақстанда Алматы қаласында НұрМҮБӘРАК медреседе кез келген адамды оқитын Арман Қуанышбаев деген кісіні естуім бар.