0 дауыс
Екі ғана жирен-ай деген терменің сөзі керек еді?
26.08.2014 4.6k қаралым

2 жауап

0 дауыс
✓ Үздік жауап
Жақсы жауап
Осы ма?

Айдап салдым жылқымды аққауданға
Жабағы арық, тай семіз көп сауғанға
Қуанғаннан жүрегім оттай жанар
Ақ білегің сыбанып қой сауғанға

Екі ғана жирен-ай
Өңшең манат кигені-ай
Оймақ ауыз, күлім көз
Ғашық жырдың сүйгені-ай

Сары белден сарғайып таң атады
Аққубаша, бидай өң түн қатады
Ұзақ таңға ер жігіт қайтып шыдар
Сары майдай толықсып қыз жатады

Екі ғана жирен-ай
Өңшең манат кигені-ай
Оймақ ауыз, күлім көз
Ғашық жырдың сүйгені-ай
26.08.2014
0 дауыс
Басқаксы болса көрейк
26.08.2014
127,958Сұрақ
322,879Жауап
153,169Пікір
72,987Қолданушы