Осы ма?
Айдап салдым жылқымды аққауданға
Жабағы арық, тай семіз көп сауғанға
Қуанғаннан жүрегім оттай жанар
Ақ білегің сыбанып қой сауғанға
Екі ғана жирен-ай
Өңшең манат кигені-ай
Оймақ ауыз, күлім көз
Ғашық жырдың сүйгені-ай
Сары белден сарғайып таң атады
Аққубаша, бидай өң түн қатады
Ұзақ таңға ер жігіт қайтып шыдар
Сары майдай толықсып қыз жатады
Екі ғана жирен-ай
Өңшең манат кигені-ай
Оймақ ауыз, күлім көз
Ғашық жырдың сүйгені-ай