Кәріс қыздарының сұлулық сыры - елдің табиғатында. Оңтүстік Корея экологиялық таза мемлекет. Өз тәжірибемнен айтып отырмын. Өткен жылдың қаңтарында іссапармен сол елге бардым. Менің таң қалысымда шек жоқ. Маған қатты ұнады, ауасы таза, себебі мұхиттың жағасы. Біздің елдегідей қоқыс тастап, қалаған жерінде шылым шегуге жол берілмейді. Көшелері автоматты түрде жуылады, ескі автокөліктерді қолдануға рұқсат жоқ. Мысалы сіз автосалоннан көлік алдыңыз, оны әр 3 жыл сайын жаңасына айырбастауға міндеттісіз. Себебі ескі көлік ауаны ластайды. Шылым шегуге арналған арнайы бөлмелер бар. Ол жердегі ауа үнемі тазартылып отырады екен. Сонымен қатар ол жерде шоколад мүлде жоқ, іздеп жүріп бір алып дүкеннен "сникерс" тапқанда, қуанғанымды көрсеңіздер ғой. Халық балық тағамдарын көптеп қолданады. Алматыда шашыңызды күнде жууға тура келеді, ал Сеулде бір аптада бір рет жусаңыз жетеді. Менің бетім тазарып, шашым әрленіп қалды. Тіпті өзім таң қалдым. Оған дейін де бетімде безеу көп емес еді, бірақ анда-санда шығып тұратын. Кореяда өткізілген 20 күн ішінде бетім тап-таза, жұп-жұмсақ болып қалды. Қазір суреттеріме қарап таң қаламын. Міне солай. Негізі халқы сыпайы және өте әдемі болып келеді екен. Әдемілігі жағынан ер азаматтар әйелдерді басып озады.