+1 дауыс
481 көрілді
Қазіргі кезде бензин жоқ және бағасы қымбаттап кетті бұл не себептен?

6 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап

Бензиннің қымбаттауына Ресей нарығындағы жағдай себеп. Көрші елдегі 92 маркалы бензин құнының көтерілуі, Қазақстандағы  бағаның шарықтауына тікелей әсер етіп отыр деп хабарлайды Астана телеарнасы.

Бұл туралы энергетика министрлігінде хабарлады. Бұдан бөлек еліміздегі  мұнай өңдеу зауыттарының жаңғыртылуы әлі аяқталмағанын ескеру керек дейді министрлік өкілдері. Десе де қыркүйек айында баға өзгеріссіз қалады деп сендірді.

"Бұған бірнеше себеп бар. Көктемде Ресейдегі ірі зауытта техникалық апат болғаны белгілі. Және көрші елдің ішкі нарығында жанар-жағармайды тұтыну көлемі артып кетті. Мұның барлығы Қазақстанның ішкі нарығына жеткізіліп жатқан бензин көлемін азайтуға әкеліп соқты. Ресейдің жанармай құю бекеттерінде баға өсіп, зауыттарындағы көтерме босату құны да артты. Біз көктемнен бастап 115 теңгені ұстап тұрдық. Бірақ ол тиімсіз болды", - дейді Энергетика министрлігі мұнай өндірісін дамыту департаменті директоры Қуандық Қалмурзин.

Ал аймақтардағы жанармай тапшылығы жуық арада шешімін таппақ. Еліміздегі мұнай базаларында қазір 200 мың тонна өнім сақталып тұрған көрінеді. Қарапайым тілмен айтқанда осы салада нәпақасын тауып жүргендер бағаның көтерілуін күтіп бензинді тығып қойған.

"Жасыратыны жоқ, көптеген трейдерлер бағаның көтерілуін күтті. Сарпашыларды тыңдай келе, тамызда қымбаттайды деп ойлады, енді тамыздың басынан бері баға өзгермегесін, олар қыркүйекке дейін күтті. Бұл бизнес. Әркім өз пайдасын ойлайды", - деді Қуандық Қалмурзин.

+1 дауыс
Бірінші себеп, алда егін жинау науқаны келе жатыр. Сондықтан, бензинсмендер соны пайдаланып, жанармайдың бағасын бірауыздан қымбаттатып отыр. Бұл жылда қайталанатын жағдай. Оған Ресейдегі Ачинск НПЗ-сында болған аварияның да, Украинадағы жағдайдың да еш қатысы жоқ. Енді нан қымбаттайтын болды.
Нан қымбаттады,сонымен қатар басқа да заттар қымбаттады.
Кейде ойлаймын,барлық нәрсе қымбаттап,ешкім ештеңе сатып ала алмайтын боп қалса...
Белгісіз
0 дауыс
Мына кедендік одақ, еуразиялық одақсымақтардың кесірі шығар. Бізде қазір жәймен-жәймен Ресейдің бағасымен теңестіру процесі жүріп жатыр.
+1 дауыс
Біздегі бензиннің бағасы Ресейдегі бағадан арзан,ал елімізге бензиннің көбісі Ресейден әкелінеді.Ресейден қымбатқа алып бізге арзанға сатқанда ешқандай пайда түспегесін  бағаны көтеруге мәжбур.Елімізде АИ-92 маркалы бензин бағасы 170 тенге болу керек дейтін көрінеді,сарапшылар.Ал,Ақбопенің қыркүйек айында баға көтерілмейді дегенге сенгеніне таң қаламын,жоғары жақтағылар халықтан ұялуды қойған,теледидардан бүкіл халықтың көзін бақырайтып қойып өтірікті былш еткізетін  болған."Тамыз айында бензин бағасы көтерілмейді"-деп хабарлады,баға көтерілді.Өткенде, девальвация алдында доллар бағасы көтерілмейді деп теледидардан айтқан болатын,ал доллар ертесі күні өсіп кетті.Халықты мазақ қылып отырған билік басындағыларға қашан басу болар екен.
0 дауыс
Бизнесмендерді Бензинді әлі де Қымбатқа алып келе жатқандағысы!
0 дауыс
Менің ойымша Ресей мен Батыс елдерінің арасындағы санкцияларына тікелей байланысты. Бензиннің көп мөлшері бізге Ресейден келетінін ескерер болсақ, ондағы экономикалық жағдайдың нашарлауына байланысты (санкциялардың әсерінен), олар бізге бензин бағаларын (мүмкін тасымалдаушы Ресей компаниялары) қымбаттатып сатып жатыр (бюдеттің орнын толтыру керек).

Немесе бұл еліміздегі биліктің әдейі жасап жатқаны. "EXPO-2017 болашақтың энергиясы" атты шараға орай, халықтың көпшілігін энергияүнемдегіш, экономды көліктерге немесе газбен жүретін көліктерге көшіру әрекеті. Осылайша Қазақстан әлемдік ластануға қатысты өзінің беделін түзетпекші, себебі, еліміз ауаны ластайын елдердің ішінде алдыңғы қатардағы ел, басқа да дамушы елдермен бірге (Қытай, Ресей, Бразиляи және т.б.). Ал біз "болашақтың энергиясы" атты тақырыпта көрме өткізбекшіміз).

Негізі көпшілік дамыған елдерде бензин бағасы қымбат, орташа табыспен салыстырғанда да. Сондықтан Еуроап секілді дамыған елдедің адамдары, біз секілді "Жіптерге" емес), аз көлемдіғ үнемді машиналарды қалайды.
...