0 дауыс
6.8k көрілді
Салықты төлеу, салықтың түрлері, айыпұлдар?

3 жауап

0 дауыс

Салық - мемлекеттің негізгі белгілерінің бірі ретінде қабылданады. Бұл әр мемлекетің дәулеттілігі және өсіп-өркендеуінің келіплдігі. Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер (мемлекеттік баждар, алымдар, төлемақылар) мемлекеттік кірістін тұрақты көзі ретінде:

елдің бюджетін, мемлекеттің қаржылық негізін қамтамасыз етеді, қоғам үшін әлеуметтік-экономикалық орны бар;
мемлекеттік бюджетті толтыруды ғана емес, қоғамдық қатынастарды реттеуде де аса маңызды рөл атқарады;
өндірістің үлғаюына жағдай туғызып, жұмыс орындарының санын көбейтеді, сол арқылы инвестициялық қызметке ықпал етеді, көлеңкелі экономиканы ығыстырады және т.б.

Қазақстан Республикасы Конституциясының 35 бабында заңды түрде белгiленген салықтарды, алымдарды және өзге де мiндеттi төлемдердi төлеу әркiмнiң борышы әр мiндетi болып табылады деп айтылған.

Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеу міндетті рәсім. Салықты есептеу және төлеу тәртібі Қазақстан Республикасының Салық кодексімен белгіленген.

Салық заңнамасында белгіленген мерзімде төленбеген салық сомасы берешек болып есептеледі.

Салықты төлеу бойынша міндетті орындамау немесе толық орындамау салық органымен берешекті анықтаған күннен бастап белгіленген мерзімде салық төлеушіге салықтық берешекті (берешек сомасы, сонымен қатар төленбеген өсімпұл және айыппұл сомасы) төлеу туралы хабарламаны жолдауға негіз болып табылады.

Салық төлеуші өз еркімен салық төлеу бойынша міндетін орындамаған жағдайда салық органдары салықты мәжбүрлеп өндіріп алады.

Салық төлеуші жеке тұлғаның мүлкі есебінен салықты өндіріп алу сот тәртібімен жүргізіледі.

Салықты төлемеген уақыт ағымында мемлекеттің салық төлеушіге деген мүліктік талабы белгіленген мерзімде төленбеген салық сомасына өсімпұл есептеу арқылы күн сайын өседі.

Салықты төлеу міндетін орындау бойынша өсімпұл заңнамамен бекітілген салықты төлеу уақытынан кейінгі әрбір кешіктірілген күнтізбелік күнге есептеледі.

Азамат салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеуден жалтарған жағдайда, әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке тарту қарастырылған. Қылмыстық заңнама бойынша, егер азамат салық және (немесе) бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеуден жалтарса, екі жүзден бір мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде немесе сотталған адамның екі айдан он айға дейінгі кезеңдегі жалақысының немесе өзге де табысының мөлшерінде айыппұл салуға, не бір жүз сексен сағаттан екі жүз қырық сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға, не екі жылға дейінгі мерзімге түзеу жұмыстарына тартуға, не төрт айға дейінгі мерзімге қамауға, не екі жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде немесе сотталған адамның екі айға дейінгі кезеңдегі жалақысы немесе өзге де табысы мөлшерінде айыппұл салына отырып екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

Маңызды! Сіз салықты үйден немесе кеңседен шықпай-ақ, банкте кезекте тұрмай-ақ төлей аласыз.

Салық төлеушілер салықты, оның ішінде жеке тұлғалардың салығы (көлік құралы салығы, мүлік салығы, жер салығы):

екінші деңгейдегі банктердің банкоматтары;
екінші деңгейдегі банктердің интернет-банкингі;
екінші деңгейдегі банктердің банктік дүңгіршектері;
«Салық төлеушінің кабинеті» Web-қосымшасы (Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеу сервисі);
Қазақстан Республикасы Үкіметінің электронды порталы арқылы жүзеге асыруына мүмкіндіктер жасалған.

Қызметтің артықшылығы:

төлемді қолайлы уақытта және кез келген жерден жүргізу (оның ішінде демалыс күндері);
төлеушінің дербес шотына төлеу фактісі бойынша ақша аудару (төлемді демалыс күндері жасаған кезде, сол күн төлем жасалған күн болып есептеледі);
салықты тек өзінің салықтық міндеттері бойынша ғана емес, қаласа, туыстары, жолдастары немесе басқа бір үшінші тұлға үшін төлеу мүмкіндігі;
интерфейста келесі әрекеттер бойынша қадамдық нұсқаулар бар (оңай, ыңғайлы).
«Салық төлеушінің кабинеті» Web-қосымша – дербес және жүйеге рұқсатсыз қосылудан қорғалған Қаржы Министрлігі Салық комитетінің интернет-порталындағы бөлім, ол салық төлеушіге ыңғайлы кез келген жерден электрондық салықтық қызметтерді алуға, оның ішінде салықтық есептілікті электронды түрде тапсыруға мүмкіндік береді.
«Салық төлеушінің кабинетінде» салықты төлеу және салықтық есептілікті электронды түрде тапсыру қызметтерінен басқа, электрондық сандық қолы бар салық төлеушілерге келесі мүмкіндіктер жүзеге асырылған:
есептелген және төленген салықтар/өсімпұлдар/айыппұлдар сомаларымен бірге дербес шоттарын көру, әр кезеңге дербес шоттан жазба алу;
камералдық бақылау бойынша электрондық хабарлама алу, БСАЖ-дан СТжСО АЖ-дан хабарламалардын барлық түрлерін алу;
«Мониторинг модулі» арқылы салық төлеушілердің белгілі санаттары үшін салықтық ақпараттарды (жағдайды) жариялау. Ақпаратты жариялағаннан кейін «Салық төлеушінің кабинетінде» қолданушының күнтізбесінде салықтық есептілікті тапсыру мерзімдері тәрізді ақпарат пайда болады.

Патент бойынша жұмыс істейтін жеке кәсіпкер салықтық есепке алуды жүргізуге міндетті ме?

Патент бойынша жұмыс істейтін жеке кәсіпкерлер үшін заңнамамен бухгалтерлік және салықтық құжаттаманы жүргізуге барынша аз талаптар қойылған. Бұған қоса, жеке кәсіпкер патент бойынша жұмыс істейтін болса бухгалтерлік есепті мүлдем жүргізбеуге болады.

Дегенмен, ол салықтық есепке алуды жүргізуге міндетті.

Салық кодексі 56-бабының 4-тармағына сәйкес, шағын бизнес субъектiлерi үшiн арнаулы салық режимiн арнаулы салық режимiн қолданатын салық төлеушiлер осындай арнаулы салық режимдерi қолданылатын қызмет бойынша Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген нысан бойынша дербес әзiрленген салықтық есепке алу саясатын бекiтедi.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 14 қазандағы №1174 Қаулысымен патент негiзiнде арнаулы салық режимiн қолданатын және қосылған құн салығын төлеушiлер болып табылмайтын жеке кәсiпкерлерге арналған салықтық есепке алу саясатының нысаны (салықтық есепке алу кiтабы) бекітілген.

Салықтық есепке алу саясаты шағын ғана құжат болып табылады. Онда жеке кәсіпкердің деректері және оның салықтық есепке алуды жүргізу әдісі көрсетіледі. Бұл салық саясаты дербес әзірленеді және салықтық тексеру болған жағдайда тексерушілерге ұсыну мүмкіндігі болу үшін өзінде сақталуы тиіс.

Сондай-ақ, аталған қаулымен мыналар бекітілген:

Патент негізінде арнаулы салық режимін қолданатын және қосылған құн салығын төлеушілер болып табылмайтын жеке кәсіпкерлерге арналған салықтық есепке алу кітабы;
Патент негізінде арнаулы салық режимін қолданатын және қосылған құн салығын төлеушілер болып табылатын жеке кәсіпкерлерге арналған салықтық есепке алу кітабы;
Қоршаған ортаға эмиссия үшін төлемақы жөніндегі міндеттемені есепке алу ведомосі (қоршаған ортаға эмиссия үшін төлемақы төлеуші болып табылатын жеке кәсіпкерлер үшін).

Сонымен, патент бойынша жұмыс істейтін жеке кәсіпкерлер салықтық есепке алу кітабын жүргізуге тиіс. Кітапта кәсіпкердің жалпы деректері және тапқан табыстары туралы мәліметтері көрсетіледі.

Қосылған құн салығын төлеушілер болып табылмайтын жеке кәсіпкерлер үшін Салықтық есепке алу кітабы табыстың түсу ретіне қарай, жұмыс күнінің соңында қорытындыны шығара отырып хронологиялық тәртіппен толтырылады. Айдың, тоқсанның, жылдың соңында ай, тоқсан, жыл үшін қорытынды деректер шығарылады.

Қосылған құн салығын төлеушілер болып табылатын жеке кәсіпкерлер үшін Салықтық есепке алу кітабы күн сайын, жұмыс күнінің соңында қорытындыны шығара отырып хронологиялық тәртіппен толтырылады. Айдың, тоқсанның, жылдың соңында ай, тоқсан, жыл үшін қорытынды деректер шығарылады.

Кітаптарды толтыру оңша қиын емес. Тек қана жеке кәсіпкердің тапқан табысының мөлшерін көрсетіп отыру керек.

Салықтық есепке алу саясатының болуы және салықтық есепке алу кiтабын жүргізу міндетті. Өйткені оның болмауы үшін әкімшілік айыппұл қарастырылған.

Атап айтқанда, Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы кодекстің 208-бабына сәйкес, жеке кәсiпкерлерде салықтық есепке алу саясаты құжаттарының немесе салықтық есепке алу кiтабының болмауы және салық есебін жүргізуді бұзу оларға жиырма бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. 2013 жылға айлық есептік көрсеткіш 1 731 теңге мөлшерінде белгіленгенін ескерсек, айыппұл 43 275 теңгені құрайтын болады.

Сондықтан салықтық есепке алу саясатын әзiрлеуге және салықтық есепке алу кiтабын жүргізуге біршама уақыт бөліп, сосын еш уайымсыз басқа маңызды шаруалармен айналысуға кеңес береміз.

0 дауыс
Жеке кәсіпкер жарты жылдык отчет өткізді,салык уакытынан кеш төленсе қандай айыппұл болады
0 дауыс
Саламатсыз ба!Менде мына суракты шешип берсениз!2007-2013жыл аралыгында Актау каласынын 2шагын ауданында уйим болды.2013 жазында уйди сатып жибердим де Тупкараган ауданы ,Акшукырдан уй алдым.Енди маган Акшукыр акимдигинен 7535,06тенге уй жер салыгын толеуге берилди.Оны толеп келсем тагы да налог шыгып тур енди тексертсем бурынгы сатып жиберген уйдин налогы-деди.Кайтадан Актау каласына толедим.Себеби,алдынгы толегеним баска счетка тускен екен.Енди ол счеттагы акшаны алу киын болган сон автоколик налогына устап калсын деп арыз толтырдым.Негизи налог неше жыл бурынгы толену керек?Екиншиден ол налогты сатып жатканда неге корсетпейди?Пеня косып бирнеше жыл откенде толенбеген деу дурыс па?Осындай жагдаймен адамдарды жумысынан калдырып сенделтип кою,адам кукыгынын бузылганы емес пе?Айлык табысымыздагы налогты устап калгандай ,бул жагдайды да шешу керек менин ойымша.Кезинде ол налог толенбесе уйди калай саттым.Квитанцияларым да бирнеше жыл отти.кайда калганын бир кудай биледи...Осы маселемен адамдардын бари сенделуде шешимин берсениздер.Алдын ала рахмет.
...