0 дауыс
915 көрілді
бугн 12.11.2011 тараз каласындагы жарылыстарды кымдер уйымдастарды деп ойлайсыздар?

1 жауап

+4 дауыс
 
Жақсы жауап
террористтер жасады жарылысты мектептің қасында
Сенбі күні Тараз қаласында болған атыс пен жарылыстан бес адамның қаза болып, бір кісінің жараланғаны туралы хабар таратты Қазақстан ішкі істер министрлігі. Қаза тапқандардың 3-і құқық қызметкерлері екендігі айтылып отыр.

АТЫС ПЕН ЖАРЫЛЫС

 Қазақстан ішкі істер министрлігі қарашаның 11-і күні Тараз қаласында қару-жарақ сататын дүкен тонағандармен атыс және кейіннен жарылыс кезінде барлығы бес адамның мерт болғаны туралы хабарлады.

 "12 қараша күні Тараз қаласында белгісіз біреулер қаладағы қару-жарақ сататын дүкендердің біріне шабуыл жасап, күзетшіні өлтіріп, тағы бір адамды жаралап, "Сайга" қаруының 2 данасын алып кеткен. Дүкенді тонаған адам жеңіл автокөлікпен қашып, өзінің ізіне түскен қуғыншылармен атысқан. Атыс кезінде полицияның екі қызметкері өлімші болып жараланған. Орталық дүкендердің бірінің маңында автокөлікті ұстамақ болған кезде жаралы қылмыскер өзін өзі жарып жіберген, Соның салдарынан жол полициясы қызметкері қаза тапқан" делінген ішкі істер министрлігі таратқан баспасөз хабарламасында.

 Ал қылмыс жасады деген күдіктінің кім екендігі туралы ешқандай дерек айтылған жоқ.

 Бұған дейін бірқатар ақпарат агенттіктері жарылыс Тараздағы Абай және Қазыбек би көшелерінің қиылысында, Жамбыл облыстық әкімдігі ғимаратының маңында болғаны туралы хабарлаған еді.
...