0 дауыс
241 көрілді
Соткамен,Жылына он мың теңгенің интернетіне қалай қосылуға болады?

1 жауап

0 дауыс
Сіздің пайдаланатын операторыңыз шамасы beeline да.

12 ай телефондарға арналған Интернет 0 тг

Қосылу құны 8 990 тг
Абоненттік төлем айына0 тг.  USSD-пәрменді теру *606*1# командасы арқылы қосу

Қосымша ақпарат:

Қызметті қоссаңыз, бір жыл бойы лимитсіз Интернетті абоненттік төлемсіз пайдаланасыз.
2014 жылғы 1 шілдеге дейін ВКонтакте мен Facebook әлеуметтік желілерін тегін пайдаланасыз.
12 айдың ішінде Сізге ай сайын ең жоғарғы жылдамдықта 1 Гигабайт беріледі.
Берілген трафик біткеннен кейін жылдамдық 32 Кбит/с-қа дейін төмендейді де, келесі айда қайта қалпына келеді.
Науқандық мерзім аяқталған соң 13-айда әдепкі баға қосылады - 1 Мб үшін 20,16 тг.
Интернетке шығу үшін абоненттің шотында кез-келген мөлшердегі қаражат болуы керек.
Қызмет Қазақстан территориясында алдын-ала төлем жасау жүйесінің абоненттеріне internet.beeline.kz қосылу нүктесі арқылы көрсетіледі, роумингте жарамсыз.
Қызметті 01.09.2014 ж. дейін қосуға болады.
Бір жылдық лимитсіз амалдарды қосқан жағдайда, бұрынырақ қосылған барлық интернет-қызметтер өздігінен өшіріледі. Сонымен қатар бұл қызметтерді «Сәтті» тариф жоспарларында қосу  мүмкін емес.
Ең жоғарғы жылдамдықта берілетін трафик қалдығын *252*7# пәрменімен тексеруге болады.

Құрметті абоненттер! Қызметті қосу/өшіру, тариф жоспарын ауыстыру пәрмендерін теру кезінде, өтінішті жүйенің өңдеуін ең кемі 15 минут күтіңіз.  Қызметті бірнеше рет қосқаныңыз үшін тариф есептелмес үшін, пәрменді қайта термеңіз. Жауаптың келмеуі, жүйенің қызметті қосу үрдісін аяқтамағанын және қосылу пәрмені өңделіп жатқанын білдіреді. Мұндай жағдайда сізге келесі пәрменді теру керек болса, ағымдағы пәрменнің өңделуін күтіңіз.
...