+1 дауыс
709 көрілді
Өз туған жеңгем менен 8-жас кіші, мен оған сәлем беремін, ал жуырда қарындасым тұрмысқа шыққалы жатыр, болашақ күйеу бала менен 4 жас үлкен екен, оған енді сәлем беремін ба немесе сәлем бермеймін ба деп басым қатып жүр... Маңғыстаудан...

5 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап
Баурым, Қазақта қайнағасы ешқашан күйеу баласына алдымен сәлем берген емес, жол сенікі, ал жеңгең сенен кіші болғанымен жолы сенен үлкен. Сол себепті сенің сәлем бергенің дұрыс!
0 дауыс
Сәлем бергенде қалай? Иіліп, келіндерше сәлем беру ме? Ондай болса, күйеу балаға да, жеңгеңе де сәлем бермейсің, жеңгең саған сәлем салуы керек.
Anonimm, ер адамның йіліп сәлем бергенін көрген адам сияқтысың ғо)))
Амандасу, ерлерге Ассалаумағалейкум, әйелдерге Сәлембердік деп амандасады Маңғыстаулықтар...
+2 дауыс
Сіздің күйеу балаңыз болсада жасы үлкен болғандықтан амандасып сәлемберудің артығы жоқ. Онда тұрған ештене жок деп есептеймін. Оның бәрі ізеттіліктің белгісі болып табылады емеспа?
0 дауыс

Сіздің күйеу балаңыз сізден 4 жас үлкен, 4 жас үлкен болсада ол сіздің қарындасыңыздың жұбайы. Қарындасыңыздың жұбайы болғандықтан да ол сізге бірінші келіп салем беруі керек.  Әрине сізде кішкене ізеттілік көрсетіңіз. Егер сіз күйеу балаңызға қазір өзіңіз салем берсеңіз, жастарыңыз өте келе яғни 50-60 келгенде сырт көзге өте жаман көрінеді деп ойлаймын .Сондықтанда ол сізге салем беруі керек. Әрине бұл менің өз ойым

0 дауыс
Күйеу балаңыз сізден төрт жасға үлкен болса да, ең бірінші ол сізге сәлем беруі тиіс. Себебі бізде қазақта жасқа емес жолға қарайды. Жол бойынша сіз одан үлкен болып саналасыз. Ал жеңгеңіз болса сізден үлкен болып саналады.
...