0 дауыс
760 көрілді
Агробизнес-2020 бағдарламасы аясында жүргізіліп жатқан жұмыстардың нәтижесі қандай?

1 жауап

0 дауыс

Жақында Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысымен Қазақстан Республикасының 2013-2020 жылдарға арналған агроөнеркәсіп кешенін дамыту «Агробизнес-2020» бағдарламасы қабылданды.
ҚР Премьер-Министрінің кезекті Үкімет отырысында берілген тапсырмасына сай бағдарламаны жүзеге асыру бойынша мастер-жоспарлар әзірленді. Қазіргі таңда мастер-жоспарлар құрамына ауыл шаруашылығымен айналысатын барлық қоғамдық бірлестіктер кіретін ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі жанындағы Іскерлік кеңеспен келісілуде.
Сондай-ақ, жақын арада ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері үшін мемлекеттік қолдау механизмдерін түсіндіру бойынша Астана және Алматы қалаларының, облыс әкімдерінің қатысуымен ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің төрағалығымен Алқа отырысының өткізілуі жоспарланып отыр.
Мемлекеттік қолдаудың қаржылық шаралары бойынша субсидиялаудың келесідей ережелері әзірленуде:
«АӨК субъектілерін қаржылай сауықтандыру үшін субсидиялаудың қаржылық институттардың несиелері бойынша сыйақы мөлшерлемесінің ережелері»;
«АӨК субъектілерінің заемдарын сақтандыру және кепілдендіру бойынша ережелері»;
«Екінші деңгейлі банктерді қорландыру бойынша ережелер»;
«АӨК субъектілерін инвестициялық қолдау бойынша ережелер»;
«Ауыл шаруашылығы техникасын лизингтеудің субсидиялау ережесі»;
«Ауыл шаруашылығы шикізатын сатып алуын жүзеге асыратын қайта өңдеу кәсіпорындарының шығындарын субсидиялаудың ережесі»;

...