0 дауыс
417 көрілді
Еліміздің маңызды азық-түліктермен қамтамасыз етудеңгейі қаншалықты? Азық-түліктің қай түрі республикада тұрғындарының сұранысын қанағаттандырып отыр?

1 жауап

0 дауыс

Қазіргі уақытта отандық ауыл шаруашылығы саласы ауыл шаруашылығы өнімдерінің азықтық бидай, күріш, жармалық және көкөніс–бақшалық дақылдар, картоп, ет, сүт және жұмыртқа секілді негізгі түрлері бойынша ішкі нарықтың тұтынуын толығымен қамтамасыз етеді.
Жалпы айтқанда, азық-түліктің барлық негізгі түрлері бойынша ішкі тұтынудағы отандық өндірістің үлесі 80 %-дан астам
Бұл тізімге тек алма (51,4%), құс еті (39,2%), шұжық өнімдері (57%), сары май (64,2%), ірімшік және сүзбе (46,5%), қант (39,5%), балық (64,4%) кірмей отыр.
Осыған байланысты, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі отандық өндірушілерді қолдау мен аграрлық өнімдер өндірісін арттыру бойынша жұмыс жүргізуде, атап айтқанда өсімдік шаруашылығында гербицидтер, жанар-жағармай, тыңайтқыштар сатып алуға жұмсалатын шығындар және мал шаруашылығында асылдандыру жұмыстары, ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру субсидияланады, сондай-ақ ветеринарияда мемлекеттік ветеринариялық ұйымдар қызметті қалпына келтіріліп, іс-жүзінде тиімсіз және кейбір жағдайларда зиянды болған бірқатар рәсімдер қысқартылды.
Жағдайды түбегейлі өзгерту мақсатында және ағымдағы мәселелерді шешу үшін «Агробизнес-2020» салалық бағдарламасы әзірленіп, бекітілді.
Бағдарламада ауыл шаруашылығын мемлекеттік қолдаудың жаңа тетіктерін енгізу көзделіп отыр, атап айтқанда: АӨК субъектілерін қаржылық сауықтыру, басым жобаларға арналған инвестициялық субсидиялар, несие бойынша пайыздық ставкаларды төмендету және тағы басқалары.
Бұдан басқа, Бағдарламамен ветеринариялық және фитосанитариялық жүйелерді одан әрі жетілдіру, оларды халықаралық стандарттармен ықпалдастыру, аграрлық ғылымды, АӨК-дегі мемлекеттік бақылау және қадағалау жүйесін дамыту, АӨК субъектілерін ақпараттық қамтамасыз ету, оларға мемлекеттік қызметтер көрсету секілді жағдайлар қарастырылып отыр.
Нәтижесінде 2020 жылға қарай ауыл шаруашылығындағы еңбек өнімділігінің адам басына шаққанда 4,2 мың АҚШ долларынан 9 мың АҚШ долларына дейін артуы, сондай-ақ азық-түлік өндірісінің 833 млрд. теңгеден 1 триллион 55 млрд. теңгеге дейін өсуі күтілуде.
Осы аталған барлық шараларды толығымен жүзеге асырған жағдайда, азық-түліктің барлық негізгі түрлері бойынша ішкі тұтынудағы отандық өндірістің үлесін 90% жеткізуге болады.

Ұқсас сұрақтар

0 дауыс
1 жауап
0 дауыс
1 жауап
0 дауыс
1 жауап
...