0 дауыс
497 көрілді
ҰКО тіркеу куәліктері қандай есептеуіш құралдарының техникасында сақтала алады?

1 жауап

0 дауыс

Өтініш беруші тіркеу куәліктерін шығаруға арналған өтінім беру кезінде сақтау орны ретінде келесі есептеу техникасының құралдарын таңдай алады:

Сіздің компьютер – бұл жерді таңдаған кезде кілттер мен тіркеу куәліктері дербес компьютердің қатты дискінде және файлдық жүйелерінде пин-код көмегімен қорғалған файлдар түрінде сақталады. Бұл сақталатын жердің басымдылығы аталған файлдарды пайдаланудың жеңіл болуы, ал кемшілігі – аталған файлдардың заңсыз көшірмесін жасау мүмкіндігі болып табылады.
Казтокен – бұл жерді таңдаған кезде кілттер мен тіркеу куәліктері Казтокен кілттік ақпараттың пин-код көмегімен қорғалған сыртқы тасығыштарында сақталатын болады. Бұл жерде сақтаудың абсымдылығы – жабық кілттердің көшірмесін жасаудың мүмкін болмауы, ал кемшілігі – тасығыш сатып алу қажет болады.
Жеке куәлік – бұл жерді таңдаған кезде кілттер мен тіркеу куәліктері Қазақстан Республикасы азаматының электрондық ақпаратты тасығышы бар жеке куәліктерінде сақталады. Бұл жерде сақтаудың абсымдылығы – жабық кілттердің көшірмесін жасаудың мүмкін болмауы, ал кемшілігі – карт-ридер сатып алу қажет болады.
КорганS – бұл жерді таңдаған кезде кілттер мен тіркеу КорганS кілтті ақпараттың сыртқы қорғалған тасығышында сақталады. Бұл жерде сақтаудың абсымдылығы – жабық кілттердің көшірмесін жасаудың мүмкін болмауы, ал кемшілігі – тасығыш сатып алу қажет болады.

...