0 дауыс
6.6k көрілді
Жабық және ашық кілт дегеніміз не?

1 жауап

0 дауыс

Электрондық цифрлық қолтаңбаны (ЭЦҚ) жасау кезінде жабық кілт қолданылады. ЭЦҚ-ны тексеру кезінде ашық кілт қолданылады, ол ЭЦҚ-ны есептеу кезінде пайдаланылған жабық кілтке сәйкес келеді. Цифрлық қолтаңбаның тұрақты алгоритмін пайдалану шарты кезінде жабық кілтті пайдаланбай цифрлық қолтаңбаны қолдан жасау мүмкін емес. Егер өтініш берушінің ашық және жабық кілттер болмаса,  ҚР ҰКО тіркеу куәлігін бере алмайды. Осыған байланысты ҚР ҰКО өтініш берушілерге Қазақстан Республикасының аумағында сертификатталған оларды жасау үшін ақпаратты криптографикалық қорғаудың құралдарын (АКҚҚ, криптопровайдер) ұсынады.

Қазіргі сәтте бұл Java көмегімен www.egov.kz сайтында тіркеу куәліктерін алуға өтінім беру рәсімінде іске асырылған. Яғни, өтініш беруші www.pki.gov.kz сайтында тіркеу куәліктерін алуға өтінім берген кезде оның есептеулік техника құралдарында (ДК, басты ақпаратты тасығыш) жабық және ашық кілттердің генерациясы іске асырылады. ХҚКО-да оның жеке басын сәйкестендіру іске асырылғаннан кейін ҚР ҰКО оның ашық кілттерінің негізінде тиісті тіркеу куәліктерін шығарады.

...