0 дауыс
1.2k көрілді
ЭЦҚ-ны қалай және қай жерде алуға болады?

1 жауап

0 дауыс

ЭЦҚ-ны «электрондық үкімет» порталы арқылы алуға болады, бұл үшін «ЭЦҚ алу» тарауында өтініш беру және қажетті деректерді толтыру қажет. Деректер толтырылғаннан кейін, нөмірі тағайындалған өтініштің электрондық нысаны автоматты түрде жасалады. Бұл өтінішті қағаз жүзінде басып шығару және Хақыққа қызмет көрсету орталықтарында орналасқан Ұлттық куәландыру орталығының Тіркеу орталықтарына 30 күнтізбелік күн ішінде ұсыну қажет.

Жаңа жеке куәліктер шығарумен қатар, сізде ЭЦҚ пайдаланудың және сақтаудың жаңа мүмкіндіктері пайда болды. Енді сіздің ЭЦҚ әр уақытта өзіңізбен бірге болады, бұл қосымша қосымша ұтқырлық пен қауіпсізідкті қамтамасыз етеді. ЭЦҚ-ны жеке куәлікке жазып,  кез келген  ҚҚО-да «электрондық үкіметтің» қызметтерін пайдалана аласыз немесе Интернет желісіне қолжетімді кез келген компьютерден жеке куәлікті карт-ридерге қосу қажет. Жеке куәлік жоғалған кезде сіздің ЭЦҚ арнайы PIN-кодпен қорғалғаны жөнінде сенімді бола аласыз (банк картасына ұқсас).

Жаңа үлгідегі жеке куәлікке  ЭЦҚ жазуды (электрондық ақпаратты тасығышы бар) Халыққа қызмет көрсету орталықтарында орналасқан Тіркеу орталықтарының операторлары іске асырады.

...