Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 17 маусымдағы «Облыстық, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, аудандық, облыстық маңызы бар қалалардың, ауылдық деңгейлердегі мемлекеттік мәдениет ұйымдарының үлгілік штаттарын бекіту туралы» № 597 қаулысына сәйкес ауылдық деңгейдегі ауылдық мәдениет үйі (клубта) көркемдік жетекші карастырылмаған, карастырылғаны музыкалық жетекші (мәдени ұйымдастырушы).
Сонымен катар, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» № 1400 қаулысына сәйкес музыкалық жетекші (мәдени ұйымдастырушысына) еңбек ақы төлеу лауазым санаты G-10 болып табылады.