+1 дауыс
ҚАЗТЕСТ жүйесін қазақ тілін меңгеру деңгейін бағалауда кімдер пайдалануда?
19.08.2014 1.6k қаралым

1 жауап

0 дауыс

Бүгінгі таңда ҚАЗТЕСТ жүйесі кең көлемде мемлекеттік тілді меңгеру деңгейін бағалауда:

- мемлекеттік тілді меңгеру деңгейін анықтау сынақтары Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясына үміткерлер арасында;

- Қазақ тілін меңгеру деңгейін анықтауға арналған тестілеу сынағы «Назарбаев Зияткерлік мектептері» Дербес білім беру ұйымы қызметкерлері үшін міндетті;

- Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік әкімшілік қызметтің «А» корпусының кадрлық резервін қалыптастыру және осы резервтегі бос орындарға конкурс өткізу ережесі бойынша үміткерлердің мемлекеттік тілді меңгеру деңгейін анықтау ҚАЗТЕСТ жүйесі арқылы іске асырылады.

19.08.2014
127,958Сұрақ
322,881Жауап
153,169Пікір
72,988Қолданушы