0 дауыс
285 көрілді
Білім туралы мемлекеттік үлгідегі сертификаттар және (немесе) біліктілік беруді және білім алушыларды қорытынды аттестаттауды талап етпейтін қысқа мерзімді курстарды, тағылымаларды жүргізу лицензиялануға жатады ма.

1 жауап

0 дауыс

«Лицензиялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 23 бабына сәйкес білім беру қызметімен айналысу үшін лицензияның болуы талап етіледі. Қызметтің бұл түрі қызметтің мынадай кіші түрлерін қамтиды:

- бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білімнің жалпы білім беру бағдарламалары;

- техникалық және кәсіптік білім берудің, оның ішінде кәсіптер мен мамандықтар бойынша кәсіптік бағдарламалары;

- орта білімнен кейінгі, жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің, оның ішінде мамандықтар бойынша кәсіптік бағдарламалары;

- діни білім беру бағдарламалары.

Қысқа мерзімді курстарды, тағылымаларды жүргізуге  лицензия берілмейтінін хабарлаймыз.

...