0 дауыс
3.2k көрілді
Білім туралы құжат (диплом, аттестат) шет елде берілген. Қазақстанда оқуды жалғастыру немесе жұмыс істеу үшін Дипломды нострификациялау керек пе? Нострификацияға қандай құжаттар қажет?

1 жауап

0 дауыс

Шет елде алынған білім туралы барлық құжаттар Қазақстан Республикасында тану/нострификациялау рәсімін өтуі қажет. Бұл рәсімді өту үшін Болон процесі және академиялық ұтқырлық орталығына (Астана қаласы, Бейбитшілік даңғылы, 14, т. 8 (7172)76-83-04, 76-86-05) төмендегі құжаттарды ұсыну қажет:

1) Білім туралы құжаттарды тану/нострификациялау туралы өтініш (нысан бойынша);

2) бiлiм туралы құжаттың түпнұсқасы (салыстыру үшін, қайтарылуға жатады);

3) бiлiм туралы құжатқа: өткен оқу пәндері мен практикалардың  сағат көлемi (бар болған жағдайда), қорытынды бағалары, курстық және бiтiру кезіндегі біліктілік жұмыстары туралы, оқу үдерісін құрайтын басқа да ақпараты бар қосымшаның түпнұсқасы (салыстыру үшін, қайтарылуға жатады);

4) бiлiм туралы құжаттың және оған қосымшаның нотариалды куәландырылған көшірмесі (қажет болған жағдайда мемлекеттік және/немесе орыс тілдеріндегі аудармасымен). 

Құжат көшірмесі мен аударманы куәландыруды Қазақстан Республикасының аумағында нотариус немесе құжат берілген елдегі Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызмет органдары жүзеге асырады. Жекелеген жағдайларда (мысалы, прецедент бойынша тану белгіленген жағдайда) құжат берілген мемлекеттің Қазақстандағы дипломатиялық қызмет органдары жасаған аударма ұсынылуы мүмкін;

5) бiлiм туралы құжат иесiнің жеке басын растайтын құжаттың нотариалды куәландырылған көшiрмесi (қажет болған жағдайда мемлекеттік және/немесе орыс тілдеріндегі аудармасымен). Егер құжат иесі білім туралы құжатты алғаннан кейін тегін/атын/әкесінің атын өзгерткен жағдайда, растайтын құжатты ұсынуы қажет (неке туралы куәліктің нотариалды куәландырылған көшiрмесi).

6) оқу орнының мөрімен расталған негізгі орта, жалпы орта білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттардан басқа білім туралы құжатты берген оқу орнын аккредиттеу туралы куәліктің және/немесе лицензияның көшірмесі (қажет болған жағдайда мемлекеттік және/немесе орыс тіліне нотариалды куәландырылған аудармасымен). Егер лицензия мен оқу орнының аккредиттелгені туралы куәліктердің көшірмесі болмаған жағдайда білім туралы құжатты берген білім беру ұйымы туралы (сайтына немесе басқа да ақпарат көздеріне сілтеме жасай отырып) ақпарат ұсынуы қажет.

7) төлем туралы түбіртек.

Білім беру ұйымдары берген осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген құжаттарға апостиль қойылуы немесе заң жүзінде мойындалған болуы тиіс, не мемлекеттік қызметті алушы оқу орнынан өзінің оқығанын растайтын мұрағаттық анықтама тапсыруы қажет.

Ұқсас сұрақтар

...