Қауымдастырылған профессор (доцент) ғылыми атағы ғылыми дәрежесі бар және осы ұйымда толық ставкада жұмыс істейтін тұлғаларға:
1) диссертация қорғағаннан кейін осы ұйымдағы ғылыми және/немесе ғылыми-педагогикалық қызметтегі 3 (үш) жылдан кем емес үзіліссіз өтілі, оның ішінде жоғары оқу орнында доценттен (қауымдастырылған профессордан) төмен емес лауазымда немесе ғылыми ұйымда тиісті лауазымда 2 (екі) жыл еңбек өтілі;
2) диссертация қорғағаннан кейін жарияланған, ұсынылып отырған мамандық бойынша кемінде 14 (он төрт), оның ішінде:
Комитет ұсынатын басылымдарда кемінде 10 (он);
Томсон Рейтер (ISI web of Knowledge, Thomson Reuters) компаниясының ақпараттық базасының деректері бойынша нөлдік емес импакт-факторы бар халықаралық ғылыми журналдардағы кемінде 2 (екі) ғылыми еңбегі;
шетелдік халықаралық конференциялардың материалдарында кемінде 2 (екі) баяндамасы.
3) монографиясы немесе Ғылыми кеңес ұсынған және соңғы 3 (үш) жылда басылған, көлемі 6 (алты) баспа табақтан кем емес, білім беру процесінде кемінде 1 (бір) оқу жылы пайдаланылған, жеке жазылған оқу құралы немесе оның басшылығымен диссертация қорғаған және ғылыми дәрежесі бар тұлғасы болған жағдайда беріледі.