+3 дауыс
398 көрілді
Ұнаған сұрақты әлеуметтік желіде бөліспеуіңізге не кедергі? Сізге бір пайдалы сұрақ немесе астында алынған жауап пайдалы болса оны әлеуметтік желіде бөліспеуіңізге не кедергі екенін білейін деп едім. Сайттың интерфейсі ыңғайсыз ба әлде т.б. факторлар әсері ма екенін.

Сайтты алға жылжытуда әлеуметтік желі арқылы бөлісу үлкен рөл атқарады. Сондықтан мен қандай қателік жасағанымды анықтауым үшін сіздерге сауал жасап жатқан жайым бар.

Сіз үшін бөлісу батырмаларын баспауға не кедергі екенін айта кетсеңіздер үлкен алғысым болар еді.

Қосымша айта кетейін дегенім. Осы айдың соңына қарсы сайтты жаңартып қалуым мүмкін. Қазіргі сайттың дизайны біршама техникалық қателікті шеше алмай отыр. Сондықтан ең тиімді стабильный дизанға өтпек ниеттемін.

Оның дизайны алып бара жатқан әдемі болмауы мүмкін. бірақ техникалық тұрғыды барлық мүмкіншіліктер керемет істейтін болады. Сондықтан мені түсініп қарарсыздар деген ойдамын.

Ол дизайнның артықшылы Респонсив дизайн. Яғни ұялы телефонға да бейімделген. Қазір ол дизайнды ұялы телефонмен де, компьютермен де кіріп тексеріп көрсеңіздер болады.

http://snow.q2amarket.com

Болашақта осы дизайн сайтымызға орнатылуы мүмкін.

6 жауап

+1 дауыс
Керемет. Мен бұл сайтқа телефонмен кiрем яғни маған да ( өзгеде қолданушыларға ) пайдасы мол. Мен бөлiсу батырмасын ең аз басамын.Әлеуметтiк желiлердiң iшiндегi Майл.ру да ғана бар. Және телефонмен кiрем бұл маған ыңғайсыз!
+1 дауыс
Жоқ ештеңе кедергі емес деп ойлаймын білмеймін ұнаған сұрақты бөліскен емеспін
0 дауыс
Егер еш жұмысым болмаса, ерігіп отырсам сұрақты бөлісуім мүмкін, өзің білесің ғой, Ербол. Ал былайша ешкім қызықпайды достарым, таныстарым бұл сайтқа, сондықтан бөліспеймін.
0 дауыс

Мен шыны керек бөліссем 10-15 рет бөлістім одан артық бөліскен емеспін.

Енді ұнаған сұрақтарды,өзім қойған сұрақты әлеуметтік желілерде бөлісетін боламын?

Осы дизайнда яғни соңғы өзгерісте мына нәрсе ұнаған жоқ өз басыма пікірді жазғанда жартысы көрінбей қалатыны,осы батырма ұнамайды кейбірі білмейді төменде жазу бар екенің сосын жартысын оқымай қате түсініп жатады жазғанымызды,осы жағында қарарсыз деп жатқаным ғой.


Ол өз комптыңнан шығар
Жо-жоқ бәрі сондай сендеде сондай?
аааа қызық екен
Жақында өзіңдің дефоулт динайнын қоятын боламын. Сол кезде барлық мәселе шешілетін болады.
Ммм дұрыс дұрыс
0 дауыс
Бөлісуге кедергі жоқ, кейде бөлісіп қоямын вк, фб, тв әлеуметтік желілеріне, бірақ телефонмен кіргендіктен бөлісуге ерінемін.
0 дауыс
Ұнаған сұрақтарымды бөлісіп отырамын, бір жағынан сайтқа көмек.
...