0 дауыс
481 көрілді
Қаржы полициясы органдары кәсіпкерлік субъектілерін олардың қызметіне заңсыз араласудан қорғау мақсатында қандай шаралар қолданып жатыр?

1 жауап

0 дауыс
 
Жақсы жауап

Агенттік шағын және орта кәсіпкерліктің қызметіне араласу фактілерінің жолын кесу, олардың заңды қызметіне кедергі келтіру фактілерін болдырмау бойынша жұмысты тұрақты түрде жүргізуде.

Жұмысты жетілдіру мақсатында қаржы полициясы органдарының қызметі мемлекеттік органдардың деректер қорының мәліметтері бойынша болжау-талдау әдістерін және ақпараттың жалпы қолжетімді көзіндерін кең қолдануға бағытталды.

Алғашқы рет әрбір аймақ үшін мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру саласындағы қылмыстарды қадағалап отыруға мүмкіндік беретін «сыбайлас жемқорлық қатерлердің төлқұжаттары» әзірленді.

Жоғарыда аталған қаржы полициясы органдарына қылмыстарды өзінің тиімділігін жоғалтқан әдістерді қолданбастан және кәсіпкерлерді негізсіз шақыруларға жол берместен «нақты» анықтауға мүмкіндік береді.

Қазір талдау кәсіпкерлік субъектінің құқыққа қайшы қызметінің анық белгілері бар екенін дұрыс көрсеткен жағдайда ғана алдын ала тексерістер жүргізуге жол беріледі.

Мемлекеттік бақылау органдарына тағайындалатын кәсіпкерлерді тексеруді оңтайландырудың жүйелі шаралары қабылданды. Ол шаралар тексерістердің санын 3 есеге қысқартуға мүмкіндік берді.

Сонымен қатар, мемлекеттік бақылау органдарының лауазымды тұлғаларының кәсіпкерлердің ісіне заңсыз араласу фактілерінің жолын кесу жұмыстары жүргізілуде. Ол үшін ведомствоішілік іс-шаралар жоспары әзірленді.

Жоспарға сәйкес қаржы полициясы органдарының жұмысын жақсартуға бағытталған бірқатар шаралар жүргізілді. Нәтижесінде ағымдағы жылғы          1-жартыжылдықта кәсіпкерлік субъектілердің қызметіне заңсыз араласу фактілері бойынша мемлекеттік органдардың 94 тұлғасына қатысты 126 қылмыс ашылды.

Бұдан басқа, Агенттік осы мәселе бойынша Ұлттық кәсіпкерлер палатасы сияқты және т.б. әртүрлі қоғамдық ұйымдармен белсенді түрде өзара іс-қимыл жасайды.

Ағымдағы жылғы 30 қаңтарда Агенттік пен Ұлттық кәсіпкерлер палатасы арасында Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау мәселелері бойынша өзара ынтымақтастық туралы меморандум жасалды.

Кәсіпкерлікті қорғау мәселесі Қаржы полициясы агенттігі басшылығының ерекше бақылауына алынған.

...